Өлең, жыр, ақындар

Тілге керек тиянақ

Жаңа туған сәбидің
Екi анасы болмайды
Қазақ тілі мүсәпір
Көңiл соған толмайды

Жоғалса тілім кім болам
Құмға сіңген су болам
Құрдымға кетсе қазағым
Өгейсіп қалар кең далам

Тiлi шолақ пенделер
Мылқау емей немене
Кек кернеген бойымда
Жүрек оты сөне ме

Тiлiм далам кесілген
Жасырамын несін мен
Құдiретiнен айырылып
Әр жерiнен кесілген

Тілім менің бұлағым
Шөліркесем суатым
Тілсіз ойым қараңғы
Тiлiм менiң қуатым

Айқын сара жолы жоқ
Мынау жалпақ фәнидің
Екi анасы болмайды
Іңгәлаған сәбидің

Өз тіліңді ұмытсаң
Мамық емес, құм жастан
Талай-талай жазды ақын
Тіл туралы тынбастан

Неге сөніп, өшеді
Тілім менің көшелі
Ұмытуға бола ма
Әке менен шешені

Бал тілімді бүлдіру
Ұрпақтарға қиянат
Тiлiң өшсе өлгенің
Тiлге керек тиянақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балақан

  • 1
  • 0

Атасының ботасы
Әкесiнiң қозысы
Атасының құлыны
Әкесiнің жұлыны

Толық

Елім менің

  • 0
  • 0

Қалың елім, қазағым, қара орманым,
Мен перзентің, өзіңсің бар арманым.
Дүниеде ел болмас сенен ыстық,
Кеңдігіңе пейіліңнің таң қаламын.

Толық

Көңіл мезгілдері

  • 0
  • 0

Қыс болып көңіл шіркін тарылады,
Жүрегім бомба болып жарылады.
Болмыстың оты ертеп күйдіргенде,
Жүрегім дос-жаранды сағынады.

Толық

Қарап көріңіз