Өлең, жыр, ақындар

Тұтылу

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 284
(Т. Таңжарыққа)

Алматы көшелерін кезген
жалаңаяқ жастықтың
Ағарған шашы қылаулап...
Қап-қара суреттер мен күрсіністерге толы,
Ғасыр қалтарысында қалған
бейбақ Отанның тұрғындары –
Мың бөлшек,
Кісі танымастай өзгерген өңі.
«Қожыр таулардан қошқар мініп келген»
Әй, қайран қауымның соңы.
Бырт-бырт үзілген домбыра ішектері,
Шанағын сары жел – уайым кезіп.
Сазына елітіп мың жылғы...
Сағынышқа айналған...
Алып шаһарда басталған
мағынасыз жорық.
Іштік. Ж едік.
Қалтыраған саусақтарымызбен
картаны шашып
Бал ашқан сығандай «ғайыпқа» сеніп...
Ауылда бір дос бізді еске алыпты,
Тұп-тұнық көз жасын төгіп...
Ұмыт болған-ды әлдеқашан,
Жанашырлықтың соңғы тамшысы...
Сол досты еске алдым бүгін
Көшкен жұрттай құлазып,
Ж үзімде тұтылып жұқарған
Айдың жартысы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кертолғау

  • 0
  • 0

Мәңгілік тоқтап қалған
уақыттың демін сезіну –
Қаншалық азап болса да,
Керемет, ғажап!..

Толық

Ораза

  • 0
  • 0

Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам...

Толық

Түркістан қасіреті

  • 0
  • 0

Арқасына төгіліп ай бұрымы,
Түркістанның түгемес қайғы, мұңы.
Қызыл-жасыл көшелер қылғытады,
Тым әсершіл жүректің әйдік үнін.

Толық

Қарап көріңіз