Өлең, жыр, ақындар

Кертолғау

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Мәңгілік тоқтап қалған
уақыттың демін сезіну –
Қаншалық азап болса да,
Керемет, ғажап!..
Өмір мен өлім үзігіндегі Ұлы сағыныш –
Бәлкім ол біз айтып жүрген
Обал мен сауап.
Қою орманға сүңгіген жалғыз аяқ жолдың,
Жалбызы бұрқырап түйсікке ұратын...
Әттең, сол аумақты қанша шарласам да,
Баяғы таңғы шапақпен жүзіңді жуасың.
Тоқтап қалған.
Мәңгілік тоқтап қалғаны рас,
Жанарда қатқан сарғыш тартқан
жапырақ дірілі.
Өтіп барамыз... кімді, қайда қалдырып...
Қолымда үзіліп түскен уақыттың бұрымы...
Таң бозынан оянып
бір шумақ өлең арнадым,
Кірпікке байланған тамшыдай зілмауыр.
Құсы да сайрамас жасыл көшенің,
Еске алып өмір сүретін –
Мәңгілік тоқтап қалған бір дәуір...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жыл

  • 0
  • 0

Уақыт мұнарасының жанынан
өтіп бара жатып,
Ғұмырымның көктем, жаз,
күз, қыс маусымын –

Толық

Тұтылу

  • 0
  • 0

Алматы көшелерін кезген
жалаңаяқ жастықтың
Ағарған шашы қылаулап...
Қап-қара суреттер мен күрсіністерге толы,

Толық

Оралу

  • 0
  • 0

Оу, құлыным!
Неге кірдің түсіме?
Тым алыста қалып ең ғой кісінеп.
Дейсің бе әлде: «Бұлдыр-бұлдыр даланы,

Толық

Қарап көріңіз