Өлең, жыр, ақындар

Боздақ

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 397
(Жаңаөзен қасіретінің бір жылдығына)

Жолға қарап жоқ іздеп
жанарынан жас ағар,
Көкірегіне шер қатқан ата менен апа бар.
Қан мен жасы көк мұздың
қатқан қанжар ұшына,
Желкемдегі жетім ай
Желтоқсан деп аталар.
Қарашығыма қамалып қасіреті зілмауыр,
Обалынан өртеніп
отқа оранып тұрды ауыл.
Маңдай тері тамшылап
өмір кешкен бейбаққа,
Қалай қанжар сілтеді
есі аусысқан бұл бауыр.
Қабырғасы қақырап, ақ сауыты сөгілген,
Қаны аз ба еді қазақтың
қара жерге төгілген.
Ертең жайлы аңыз бен
әфсананы малданып,
Сақ-сақ күліп иенде ойнап жүрміз өліммен.
Көрсетті оны кешегі
жаңаөзендік жақыным,
Ойлауға да кей сәтте жетпесе де батылым.
Өтірікпен қамалы қабат-қабат қоршалған,
«Жұмақтың» ішінде өмір сүрдік аһ ұрып...
Кейуана көз жасын
ұрттап ішкен қоғамның,
Тек сериал көретін көрермені боп алдым...
Еміс-еміс қыстығып жылаған бір үн жетер,
Қорқынышты түс көріп,
ұйықтап жатқан болармын...
Бассыздыққа бағынбай
арпалысқан аумақ бұл,
Қурайы да әрбір тал сырын
айтып сарнап тұр.
Шаһит кешкен жазықсыз
жандарды, Алла, жарылқа,
Жарылқай гөр Раббым,
жарылқай гөр Алла Уакбар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтылу

  • 0
  • 0

Алматы көшелерін кезген
жалаңаяқ жастықтың
Ағарған шашы қылаулап...
Қап-қара суреттер мен күрсіністерге толы,

Толық

Оралу

  • 0
  • 0

Оу, құлыным!
Неге кірдің түсіме?
Тым алыста қалып ең ғой кісінеп.
Дейсің бе әлде: «Бұлдыр-бұлдыр даланы,

Толық

Жаңа жыл

  • 0
  • 0

Уақыт мұнарасының жанынан
өтіп бара жатып,
Ғұмырымның көктем, жаз,
күз, қыс маусымын –

Толық

Қарап көріңіз