Өлең, жыр, ақындар

Сырласу

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 414
(Жұмекен Нәжімеденовке)

«Ауырлығы табыттай, жеңілдігі көбіктей»,
Қалай айтсам сырымды
сізше ешбір кемітпей.
Шымыр-шымыр өлеңнің
тереңіне шым батқан,
Ауыр-ауыр өлеңнің асқарынан тіл қатқан.
Туған жерім туралы
айтсам бе екен сізге ұқсап,
Сағынышым сан жетпес,
қасіретім мың батпан.
Жетер ме оған желге ұшқан
жапырақтың дәрмені,
О, өлеңнің өрт ұлы мен де сендей халдемін.
Тербет күрп-күрп күй шалып
салқын жүрек от алсын,
Таңдайыңда талықсып
аспандасын ән – көгім.
«Туған жерің қандай жер?», –
деп сұрайтын жоқ пенде,
Сіз айтпақшы аспаны әп-әдемі көкпеңбек.
Оспан жүрген ой-қырды
опасыздар жағалап,
Азан дауысы аспанға ап
ата жұртқа жеткем мен.
Таңдайыма тас батып,
азуыммен от шайнап,
Сейіл құрдым сергелдең
күндеріммен көктайғақ.
Сіз аңсаған кеңістік көтерілген аспанға,
Сіз аңсаған бостандық
көкке асылған көк Байрақ.
Бірақ тәубе қылатын
жоғалғандай сопылық,
Ойланамын оңаша «Айнабұлақта» отырып.
Тілсіздігін көрсетті тілін шайнап ағалар,
Дінсіздігін көрсетті дінқарындас шоқынып.
Толқи-толқи Каспийдің тұнығында лайлар,
Аққан қан ба, алып жер
астындағы мұнайлар?
Әні сіңген аққудың аспанында Батыстың,
Айналып жүр қомағай
қанға құмар құмайлар.
Бір мұңыма бір мұңым кетіп жатыр ұласып,
Бүгін алып шаһарда болса да,
әттең, күн ашық...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қан

  • 0
  • 0

Борбай еті борша боп
боздай көшкен ел едік,
Жылай-жылай нұры да
тайған жәутең көз едік.

Толық

Уағда

  • 0
  • 0

Жанарда жасын боп сөнген,
Хұсни дидарың ғайып.
Қабірдей сұп-суық бөлмем,
Түн жылар шаштарын жайып.

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Алтайдың шыңындай тым асқақ,
Түсімде тұлғаңды көрдім мен.
Беймаза өмірден жырақтап,
Сен ашқан есікке ендім мен.

Толық

Қарап көріңіз