Өлең, жыр, ақындар

Елес

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 241
(Оралхан Бөкейге)

Алтайдың шыңындай тым асқақ,
Түсімде тұлғаңды көрдім мен.
Беймаза өмірден жырақтап,
Сен ашқан есікке ендім мен.
Мақтан ғып тәкаппар тұлғаңды,
Жұрттарға сыр айта бастадым.
Жамылып жыртылған жылдарды,
Алтайға апарып тастадың.
Сағыныш зары ма, не екен бұл?
Алтай боп сенің тіл қатқаның.
Жұлдызын жоғалтқан мекен бұл,
Соры да тауындай қап-қалың.
Кетем деп қолыңды создың да,
Жүрекке ұялап ұры мұң...
Күннің де қызылы солғындап,
Кісінеп қалды артта құлының.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өліара

  • 0
  • 0

Күн күліп саумал сәулесін,
Ғаламға мынау шашады.
Қысқарып жансыз көлеңке,
Таусылып тауға қашады.

Толық

Ояну

  • 0
  • 0

Сағыныш кейпінде,
Сап-сары тауларды көремін –
түс қой бұл.
Ол енді өлең боп оянар,

Толық

Кертолғау

  • 0
  • 0

Мәңгілік тоқтап қалған
уақыттың демін сезіну –
Қаншалық азап болса да,
Керемет, ғажап!..

Толық

Қарап көріңіз