Өлең, жыр, ақындар

Ленин мавзолеиінде

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 344
Бұл ұстаз — еңбекшінің ардақтары,
Асқар таудай панасы, қорғандары.
Ұйықтап жатқан сықылды көрінгенмен,
Көп тұрдық, ұйқысынан оянбады.
Адамды қалың, ауыр түсірді ойға,
Ми толғанып, шымырлар қаның бойда.
Әлі де рас ұйқтап жатыр ма екен,
Оян деп сұрар едім, оянар ма?..
Көп тұрдық оянудан күтіп дәме...
Тырп етер емес, бірақ, жатқан дене!..
Олай болса, толғанып тұрған жүрек
Махаббатты сөзіңді айтшы, қане!
Ия бұл ма? — Бұл Ленин — Ленин еді!
Бұл әлемге бақыт боп келіп еді,
Езілгенге азаттық әперем деп,
Талай ауыр халдерді шегіп еді.
Жанын талай күреске жегіп еді,
Арамтамақ доңыздан жеріп еді,
Көп күреспен орнатып бостандықты
Жемісін коммунизм егіп еді.
Арманға түгел жетпей, ажал кепті,
Келгенмен не қылды, оның несі кетті?
Бар істеген қастығы — қимылдағы
Денені мәңгі ұйықтатып, жансыз етті.
Бұл зор аза еңбекші адамзатқа...
Тарихта ие Ленин ардақты атқа!..
Ол салған даңғыл жолды кеңейтуге,
Жігермен еңбекші тап тұрды сапқа.
Тыныссыз мынау жатқан алып кеуде,
Сыймай ма шетсіз, шексіз әлем деуге?
Бар ісін тарих артқан өтеп өлді,
Не мән бар ендеше оны елді деуге?

1925



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы кіреші

  • 0
  • 0

Аппақ мидай кең дала,
Ирең күртік айдала,
Сырғанайды бұрқасын.
Біріне-бірі жалғасқан,

Толық

Диен-Биен-Фу

  • 0
  • 0

Не нағашы, немесе емес жиен,
Сөйте тұра «басып ап болам йен,»,—
Деп барған отаршылды, жұдырықпен
Тұмсықтан соқты өлтіре Диен-Биен!..

Толық

Қызылжар

  • 0
  • 0

Кей кезде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың еш уақытта сен бас ұрмай.

Толық

Қарап көріңіз