Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Қазақстан, біздің сан, Қазақстан,—
Қалма екпінді социалдық жарыстан.
Іші шер боп,
Көзі көр боп,
Жермен тең боп
Қалсын ұлып, айнала үрген көп дұшпан!
Гуле, гудок жер сілкінтсін айқайың
Кетсін өрлеп Қазақстан өр, сайын.
Лек-лек топ көп,
Мың-мың-мын, боп,
Жұмыскер көп,
Тасқын судай тасып жатсын маңайың.
Гуле, гудок өлік дала тірілсін!
Қатты айқайла, саңырау құлақ түрілсін!
«Бақ» алдап,
Жанын жалдап
Жүрген батырақ
Социалдық өндіріске жұмылсын.
Жайна солдат, социалдық өндіріс!
Өнсін еңбек өссін еңбек өссін іс!
Тап болғасын,
Жік болмасын,
Тау қозғалсын:
Һәуп, жұмыскер, бәрін, тегіс жұмса күш!
Гуле, гудок жылт-жылт жалын
шашылсын!
Гуле, гудок бұрқ-бұрқ түтін атылсын!
Орғып тулап,
Будақ-будақ,
Кетті құлап
Басқа завод түтініне қосылсын!
Бірақ түтін,— капиталдың сасығы,
Аз-ақ уақыт оның көкті басуы.
Бізге шамдай
Көпке бармай,
Ой, қыр қалмай
Электрмен бұлдыр кезін ашуы.
Ұсақтағыш бас азуды қарш-қарш-қарш,
Ұн боп кетсін кесек көкшіл мұздай тас.
Бүлк-бүлк биле,
Жоғарғы үйге
Тасты сүйре,
Тез, жылдам бас, станоктар шагом-арш!
Күні кеше Қазақстан отар да.
Отаршылар әзірленген жұтарға.
Тарғыл сүлік
Көзін жұмып,
Түсі күліп
Жылмаңдаған, қанды қылқ-қылқ жұтарға.
Бек би, молда, бай-төреге орын кең,
Отаршылар бұл бесеуін көрген тең.
Іштен, сырттан,
Кезек жұтқан,
Дымын құртқан,
Екі обырға еңбекшілдер болған жем.
Октябрьмен көзін ашты еңбекші,
Рақатын өзі ғана көрмекші.
Жұмсап күшің
Істер үшін
Анық-шын
Еңбекшілер өндіріске келмекші.
Енді олар сатылмайды саумалға,
Көнбек емес, бай, молдаға алдауға.
Пролетариат
Ардақты ат,
Еңбекші тап
Ар көреді ардақты атты алмауға.
Көзде магнит, арам заттар кетпесін,
Көзіңді алдап кенге аралас өтпесін.
Тапса түйін,
Арам бұйым
Деуің қиын,
Дегізбес сұм бір сіңісіп кеткесін.
Тас ұн болсын, тез айнал, тез, диірмен,
Ұсақтап ұқ қалмасын бір түйір көн.
Сарылда, су,
Тезірек жу
Тез кептір, бу,—
Жесе тоймас алып пешке керек жем.
Мың градус ол алыптың қызуы,
Темірдей тас шыжықтай боп шыжуы,
Сол қызудан,
Тез қызулан!
Сол қызудан
Тасқын су боп насосты өрлей жүзуі.
Қатты ішке тарт жас алыбым деміңді.
Ұртты кере аса тынбай жеміңді.
Мың қол болып,
Саған толық
Тамақ беріп
Өзегіңді талдырмауға сенімді.
Демің жалын, сусынын, от, жемің тас,
Алған сайын мың градус жалын шаш.
Құй қызыл қыш —
Қып-қызыл мыс,
Даяр ыдыс...
Екпініңе, қайратыңа ием бас!
Демді жиі ал, күрсілдесін керігің,
Же кемірді, қансын әбден жерігің.
Жемді же де,
Ұртты кере,
Үрле кәне,
Тас үдетсін мыс боп балқып еруін.
Қызыл мысым, тынбай саулап сорғала!
Айдаһардай ирелеңдеп жорғала!
Жатқан төгіп
Мыстан көбік,
Дөңгеленіп
Қалыпқа кел, сылқ-сылқ күліп ойна да!
Жалынменен араласқан ерлерім,
Тез күтеді мысының мол өнгенін.
Жанын қинап,
Мысын жинап,
Бермек сыйлап
Социалдық құрылысқа еңбегін.

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәлипаға

  • 0
  • 0

Болғанмен ұл да адам, қыз да адам,
Қай қазақ, деп санайды қызды балам.
Ұл туса, «ат ұстар» деп, қыз —«қырық жеті»,
Әкесі қуанады, деп — «мал алам».

Толық

Апыр-ай

  • 0
  • 0

«За охрану!» — деп жинап
Алған қайран бақыр-ай!
Бақырымды ап қойды-ау,
Ниеті жаман кәпір-ай!

Толық

Қысқы кіреші

  • 0
  • 0

Аппақ мидай кең дала,
Ирең күртік айдала,
Сырғанайды бұрқасын.
Біріне-бірі жалғасқан,

Толық

Қарап көріңіз