Өлең, жыр, ақындар

Алтын қазушыларға

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 305
(«Степняк» алтын өндірісін көргенде)

Емес пе алтын тамаша,
Көруге және ұстауға?
Мысалы, мысқа баласа,
Қадағы тең мысқалға.
Сондай алтын тастарға
Тығылады ұрланып,
«Ұрының» бетін ашпауға,
Тұрады тас та сұрланып.
Мекендейді ол сұр тас,
Жеті қабат жер астын.
Соны да, адам, етіп паш,
Сүңгіп барып сен аштың!..
Ұндай қылып үгіттің
Сұр тасты сыртқа суырып,
Өз түсіне түлеттің,
Алынды алтын жуылып.
Сонша еңбекпен алғаның,
Тонна тастан бір мысқал.
Біліп баға — салмағын,
Қымбатты көріп ел ұстар!..
Елмен бірге өзің де
Ол алтынға иесін.
Бейнетінен безінбе,
Тағы да тап жүйесін!

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырғызда

  • 0
  • 0

Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.

Толық

Елу

  • 0
  • 0

«Елу» деген осы ма? Мұның несін
«Қартайдым» деп қайғырған Абай ағай?!
Өмір маған жайнатып бар бейнесін,
Жан-жағымда жанып тұр самаладай.

Толық

V — Даланы сағыну

  • 0
  • 0

Балтықтың ригалық қойнауында,
Халықтың тән тыныстар жайлауында
Жүрем де, туған, өскен жер мен елдің
Есіме алам кейде жайларын да.

Толық

Қарап көріңіз