Өлең, жыр, ақындар

Туған халқыма

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 313
Сен маған қызмет қылсаң аяғыңмен,
Мен қызмет қылайын төбемменен.
Нартай Бегежанов

Әр уақыт амандаса келіп кетіп,
Жүргенде сый-құрметін, үнемі өтіп,
Өмірің және елдігің өсуіне
Жылдан-жыл күшейеді сенім бекіп.
Сенісер, сүйісер жан таппаса Абай,
Барсам да қай ауылыңа маңымды орай
Қаптаған қалтқысы жоқ қалың достар,
Тілдерін бәрінің де табу он,ай.
Сөйлессем сырларыңа кетем сүңгіп
Аламын жанға азық мың сан күндік
Өзіңе сыйға тартам білгенімді
Жеткенше әл-қуатым кеңес, жыр ғып.
Қай тұсқа бассам-дағы кезігесің,
Әр дайым жандай жақын сезінесің,
Бүгіннің, болашақтың, өткеніңнің
Шертесің көрген сайын шежіресін.
Өзенсің өмір бойы тынбай аққан,
Таусылмас қазынасын, тұнып жатқан.
Осындай елде туып-өскеніме,
Жар салып жер жүзіне етем мақтан.
Қайтемін қаза беріп тарихты арғы,—
Болғанды біреуің бай, бірің жарлы.
Лениндік жаңа өмірге басқалы аяқ,
Халықсың жолын, даңғыл, жарқын алды. 
Еңбектің ашылғалы кен, майданы,
Өнерің өріс тауып қай-қайдағы,
Бар бақыт қоршап алып маңайыңды,
«Мен — сендік келе ғой!»—деп айғайлады.
Орнаттың баспананы дауыл жықпас,
Бүкіл совет халқымен болдың жұптас.
Бар майданда беріспес батыр болдың,
Қандай қуат болса да қорқып ықпас.
Мейлі үлкендігі болса да тау,
Қалған жоқ алысқанда жеңілмес жау.
Іргесін елдігіңнің бұзбай сақтап,
Қирамай сан апаттан құтылдың сау.
Жан-тәнге аз болған жоқ түскен жара,
Кездесті кей күн басқа салған қара.
Өмірің өркендегіш ілгерілеп,
Жетіліп әке орнын басты бала.
Күшейіп жылдан-жылға халықтығың,
Куә ғып ерлігіңе тарих тілін,
Замана жарысында жүлде алып,
Жер жүзі отыр сені танып бүгін.
Жыл сайын дәулеттен де молаясың,
Молайсаң дастарқанды кен, жаясың.
Үйіңе қонақ болып кім келсе де,
Шаттанып тойып шығар даяр асын,.
Кірсем де қай үйіңе қысы-жазы,
Түрілген табағыңда қарыс қазы!
Жайылған әрбір үйде дастарқанның,
Еш жерден кездеспейді кемі-азы.
Адыра қалды күндер жетпейтін нан,
Лық толған барлық үйде түрлі тағам.
Мұншама молшылыққа душар болған,
Не деген дәулетті үйлер, неткен қоғам?!.
Кигені бәрінің де үлде-бүлде,
Молайып жасау-жиһаз кеткен мүлде...
Тек советтік дәуірде жеттің халқым,
«Теп-тегіс ел байыды» деген күнге!
Кен, шалқып тасыған соң ел ырысы,
Жазылды жан мен тәннің бар құрысы.
Боп шықты, адамгершіл қиялдардың,
Түптеп кеп ленинизм ең дұрысы.
Мен сондай бақытыңның жаршысымын,
Иірген асығыңның алшысымын.
Сен шалқыған телегей теңіз болсаң,
Сол теңіздің мен де бір тамшысымын.

28 август 1968 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мектеп — білім егіні

  • 0
  • 0

Сүйген кезде алтын күн
Таңның күміс маңдайын.
Тракторға тіркелді —
Күйіне келген комбайн.

Толық

Майданға хат

  • 0
  • 0

Сағынып сәлем жазамын,
Нүрке-жан бауырым, жиенім!
Алыстан құлаш созамын,
Аймалаймын, сүйемін.

Толық

Конвеер

  • 0
  • 0

Қайран қалып көрдім мен
Бір тамаша заводты.
Заводтың аты — Мереке,
Лайықты есім тауыпты.

Толық

Қарап көріңіз