Өлең, жыр, ақындар

Бiздiң шал

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 208
Тыйыла қалып тiршiлiк салған iзгi үн сәл,
Өмiрден мынау ертелеу өттi бiздiң шал.
Арсыздау ажал ар жаққа ала жөнелдi,
Қолынан оның босаған кезде тiзгiн сәл.
Қарт болар ма едi дуалы ауыз, баталы,
Иегiн қаптап өсер ме ед сары сақалы.
Алыптай арқа тұтатын ба едi немере,
Уақыт қана шөктiрген нағыз атаны.
Тиетiн едi оған да орын төрден де,
Сөйлейтiн едi үлкендер сөйлер жерлерде.
Тiкенек мұрты жыбырлап батып иiскер ед,
Сапардан алыс бiздер бiр шаршап келгенде.
Қанша есейсек те тыңдар ек оның ақылын,
Торы төбел ат тоздырар едi тақымын.
«Ашуы келiп қалыпты бiздiң шалдың» деп,
Аяқ ұшымен жүрер ек басып ақырын.
Қанымызда жүр сол шалдың қазiр қаны ойнап,
Тiршiлiк болса, қонар ед оған талай бақ.
Тұратын едiк тәуекел етсек бiр iске,
Рұқсат күтiп, қара шаңырақ жаққа қарайлап.
Алдында оның айтар ек сөздi жүйелеп,
Ақсақал болар едi ол әнi, күйi ерек.
Қапысын тауып, шыбыққа мiнген шалдуар,
Шалдың баласын шалға көрсетпей сүйер ек.
Ертелеу алып кеттi оны алыс, ақ сапар,
Қадамын әрбiр жұрт қазiр ылғи жақсы атар.
Қаншама жылдар өтсе де қырық төрттегi,
Қалпында қалды бiздiң шал,
бiздiң ақсақал...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көлбастау

  • 0
  • 0

Бозала таңның сығалағанда сәулесi,
Осы ауылдың басталар тiрлiк әуресi.
Бейнетке батып, зейнетiн тамсап жатса, да,
Дәл одан асқан қасиеттi мекен бар дешi!

Толық

Өлдi адам

  • 0
  • 0

Өлдi адам.
Өмiр немене?
Сөндi де тiрлiк көрiгi,
Топырақ өстi төбеде,

Толық

Аршаның иiсi, аршаның

  • 0
  • 0

Аршаның иiсi, аршаның,
Шөлiркей жұттым, тамсадым.
Ұмыттырдың да жiбердiң,
Күнiмнiң әуре-сарсаңын.

Толық

Қарап көріңіз