Өлең, жыр, ақындар

Абориген

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 203
Жармаспа бекер жағаға,
Азабым аз ба көрмеген?
Туғанмын осы далада,
Аборигенмiн мен деген.
Қосшысы емен айтақтың,
Сөзiмнiң осы жүйесi –
Дариға мынау байтақтың,
Мен болам нағыз иесi.
Төбеңе қара, қарағым,
Шаңырақ, деме, өрнек құр.
Жаңбырдың, желдiң, ауаның,
Иесi мұнда бар деп бiл.
Мың ғасыр қамсыз жайлағам,
Мен – күзi, жазы, көктемi.
Әр тасы үшiн ойланам,
Аборигенмiн, өйткенi.
Бар мұңын оның сезермiн,
Бәрiнiң құнды нарқы бар.
Азайса суы өзеннiң,
Тамырымда қаным тартылар.
Мұңайып қалам баладай,
Қалмастай бойда күш сенер –
Қартайған биiк қарағай,
Күрсiнiп құлап түссе егер.
Дәл мендей қамқор жоқ бөтен,
Есiңде ұста ұдайы!
Жасымды төгiп көктетем,
Қурап бiр қалса қурайы.
Бұл жерде менмiн дарабоз,
Тек маған бәрi жарасар.
Кием сол – мөлдiр қаракөз,
Ақ шашты ана, қара шал.
Заманның көргем талайын,
Жебем де тасқа кетiлген...
Оңымнан туды ақ айым,
Сүрiнiп жүрiп жетiлгем.
Құмар аранды құрықта,
Асқанның болар жазасы.
Ең үлкен наза, ұмытпа,
Аборигеннiң назасы.
Көрсем де мыңын азаптың,
Бұл күнде – биiк – ұшқаным.
Аборигенмiн, Қазақпын,
Отаным – Қазақстаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сiз бiлесiз

  • 0
  • 0

Сiз бiлесiз,
бiр ай өте аз уақыт,
Татып тiптi үлгермейсiз мәз бақыт.
Бiр ай бұрын ашты өмiр есiгiн,

Толық

Кешқұрым шақ. Күн батқан кезi жаңа

  • 0
  • 0

Кешқұрым шақ. Күн батқан кезi жаңа.
Троллейбус. Сөз ада, сезiм ада.
Жалғыз келем, келедi аңсап жүрек,
Бiр нәрсенi – бiлетiн өзi ғана.

Толық

Жоқсың сен үйде де, тыста да

  • 0
  • 0

Жоқсың сен үйде де, тыста да,
Дедің бе: «Іздесін, ойласын».
Көңіл – күз, сағыныш. Қыс – дала,
Қайдасың, қалқа қыз, қайдасың?

Толық

Қарап көріңіз