Өлең, жыр, ақындар

Санаулы сағаттардан соң

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 243
Санаулы сағаттардан соң,
Ескi жыл,
демiң бiтедi.
Үмiтпен дос боп арман шын,
Жаңаша күндер күтедi.
Ескi жыл, саған разымын,
Ұсындың қызық алдан көп.
Айналып тiрлiк қазығын,
Орнымды шаң ғып қалғам жоқ.
Шырқап та биiк кетпедiм,
Қалмадым және төменде.
Жастықтың сендiк көктемiн,
Жыр етiп қостым өлеңге.
Мың түрлi адым аттадым,
Сан рет жандым, өртендiм.
Бәрiбiр атып ақ таңым,
Шақырып тұрды ертеңiм.
Ескi жыл, қош бол, амал не,
Сен қалдың...
алда күнiм бар.
Саламын мүлде жаңа әнге,
Қуаныш бер де,
мұңымды ал.
Ескi жыл, естi үнiмдi,
Разымын шын-ақ мен саған.
Кеп қалған Жаңа Жылымды,
Қараша ғана қарсы алам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты

  • 0
  • 0

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты,
Тағы бiр күннiң түймесiн тiрлiк ағытты.
Таныс бiр жолмен аяңдап келем жұмысқа,
Осы жол менен жалықты, сiрә, жалықты.

Толық

Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi

  • 0
  • 0

Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi,
Тәттi мұң тербесiн.
Жабықсын...
... Ар жақтан дауысың естiлдi,

Толық

Менде сенiң төрт суретiң бар...

  • 0
  • 0

Егер бiлсем, шын бақытты күнiң бұл,
Бiр суретте жанарыңда дiрiл тұр.
Терезеден жарық болып сүйедi,
Ай жүзiңдi шiлде күнi шiлiңгiр.

Толық

Қарап көріңіз