Өлең, жыр, ақындар

Жапырақ

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 302
Жаз дәурені азайып қалғасын ба
селдіреген жапырақ тал басында
Жер-ананың қойнына жөнелді, әне,
шайқалақтап ауаның арбасында...
Алыс тартып, азайып жігер-қызық,
сар түсінен сарала жыр өргізіп,
жапырақтар қоштаса қол бұлғайды,
жаз-әлемнен біржола күдерді үзіп.
Жапырақтар...
сары ала жапырақтар..,
әрбіріңде қаншама жатыр ақпар!?
Күнің өтіп барады-ау...
күнің өтіп,
шашу болып соңғы рет шашырап қал...
Жапырақ тал басында селдіреген —
жаңа ғана бүр жарған өндір өлең.
Жаз қызуы жасартып кетіп еді,
күз қазаны қуырып, солды денең...
Топырақтан қайта орнап сән басыңа,
айналарсың тіршілік жалғасына.
Жер ананың қойнына жөнеле бер
отырып ап ауаның арбасына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамшы

  • 0
  • 0

Зіл жинаған бойына, сес сіміріп,
ессізді де келеді ол естіні ұрып.
Сөз үйірсе қамшыдай ана аузымен
екпінінен соның-ақ өстім ығып.

Толық

Теміржолшылар жыры

  • 0
  • 0

Шежірелі құлан жортқан құм-далам,
белес-белес белдерден қол бұлғаған.
Болат жолдар жер бауырлап төсіңде
Жер-ананың жүрек күйін тыңдаған.

Толық

Уақыт

  • 0
  • 0

Уақыт жайлы көп ойладым бас қатып,
қызықтым ба қайсар, жүйрік қалпына?
Жүрмесе де табаныма тас батып,
қалып барам, қайырылмады ол артына.

Толық

Қарап көріңіз