Өлең, жыр, ақындар

Төрт сый

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 373
Арапқа алла силапты,
Қасиетті төрт нәрсе
Болсын деп сұсты, сымбатты,
Ерлер, ғұмры өткенше.
Шалманы берді әскерге,
Тәж біткеннен қадырлы.
Шатырды берді көшкенде —
Баспана, қырда дауылды.
Болатты берді шып-шымыр,
Жартас пенен дуалдан,
Тұтқындайтын берді жыр,
Өр сұлуды сыланған.
Гүл жинадым жырыммен,
Сұлулардың шашынан.
Әйелдер пак сырымен,
Маған адал, асыл жан.
Гүл мен шырын толы енді,
Жайнап тойлы дастархан,—
Ғибрат тұтсаң өлеңді,
Бұл жаңа жыр басталған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдану

  • 0
  • 0

Желпінді тор әйнектен
Көрші әйелдің үйінен —
Қарайды маған кенеттен,
Жаны өртеніп күйінген.

Толық

Зылиха

  • 0
  • 0

Бұл сәтті қайтіп бүркеймін?
Бақытқа енді бас ұрам.
Ұрымды сотқа бермеймін,
Олжамды алған жасырам.

Толық

Мықты алмасулар

  • 0
  • 0

Таң ата даламда алша ағаштың сылдыр үні,
Шіркін, тұрса екен сылдырлап бір сәт!
Керімсал самал есіп, ақ жаңбыр жылт-жылт тама бастады.
Көк майса қарағайлы орманның енді

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар