Өлең, жыр, ақындар

Гиджра

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 304
Солтүстік, Батыс, Оңтүстік күйреуде,
Тақ та, патшалық та құлады.
Шығысқа қарап жол тарт,
Тап таза қоңыр самал ауасынан дем ал,
Махаббаттың, ойын-сауық, ән-күй,
Шарап-шәрбәттің Отаны,
Жаңа өмірге қадам бас.
Сонда пайғамбарымыздың
Қасиетті салған жолына,
Кіршіксіз, мөлдір таза, ақылды,
Інжу-маржан, гауһар сөздеріне
Бар ықылас, көңіл-күйіңмен боларсың ынтызар.
Құл-пендем тілдесіп құдайыммен,
Жаны менен тәніне
Бұл жалғанның жылуы мен жарығын
Азаптанбастан, қиналмастан анық таппақ.
Ата-баба әруақтарына құрмет тұтып,
Өзгелерін – жат көріп,
Тура дінге кеңінен жол беріп,
Алдамшы сезімдердің жолын тарылтып,
Күннен күнге өсіп мәңгі жаңа сөздер,
Ауызба ауыз елдерге тарқап жатар.
Бір отар қойды бағып жүрген қойшы пендем,
Шынар ағаштың көлеңкесінде демалып,
Керуен сарай, небір азық-түлік, шай, шекер,
Тәтті зергер, мата-масатылар артқан саудагерлер
Сахара құмда, азынаған керімсал шөлдерді басып өтіп,
Бұл жердің ызадан шыққан зәмзәм суынан ішпестен кетпес сірә.
Тар жол, шөл далаға кезіккенде,
Өзіңді – ай, айқай-шуға бас,
Керуен түйелерге кенеттен тыс, күш-қуат беріп,
Хафиздің өлең-әндеріне салып, түн демей бас,
Көктегі жұлдыздар дүре қозғалып,
Қарақшылар үдере қашсын.
Моншаға түсіп тазаланып,
Жеңіс тойын тойлағын.
Және де Ғафиздің әніне салып,
Аппақ жібек атлас матаға оранған,
Сұлу бикеш бойжеткен биші қыздың
Аузындағы қатарласа тізілген
Інжу-маржан тістерін көріп,
Шіркін, бар денең балқып,
Ерекше бір нұрланып жүзің,
Шын жүрегіңмен құмар, ғашық боларсың.
Қызғаныш құрғыр әрмен кет!
Бұл жайды тек әншілер мекендеген,
Керемет ән-жырлар мекеніне шырқала жетіп,
Келгенінен жәй ғана хабар беріп,
Мәңгілікке жәннәттің төрінен орын алар.

1814



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі жыр

  • 0
  • 0

Жұм көзіңді, аймаласын өлеңім,
Қалғыдың ғой, сәулем, енді бұйықпа.
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!

Толық

Отырыста

  • 0
  • 0

Көңілім менің көк жиекке жетелеп,
Қараптан қарап адасады:
Қаншама ұмтылғанмен,
Жұлдыздар шаһарына жолым қашан болмақ?

Толық

Зылихаға

  • 0
  • 0

Төгемін деп толқын жұпар,
Алқына алған демдеріңе,
Азап шегіп, болып іңкәр,
Жүз гүл солды шөлмегінде.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар