Өлең, жыр, ақындар

Жабығу

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 275
(1802)

Мұнша неге жабықтың,
Жүрегімде не сыр бар?
Қапалықпен зарықтым,
Үйім мұнша неге тар?
Кетейінші аулаққа,
Бұлттар көшіп жел кезген.
Барайыншы тау жаққа,
Аясы бар кербез, кең.
Қара көк құстар аспанда,
Әне, самғап сермелді.
Құстар, қайғы басқанда,
Серік көрем сендерді!
Астымызда жартастар,
Астымызда құз — асқар,—
Сұлуым жүр ме, асуда —
Жоқ, осында, қасымда.
Келеді ол қиялдап,
Сол сипатқа ой кетіп.
Әнші құстай аялдап,
Құж орманды тербетіп
Шусыз ағаш ішінде,
Баяу жүріп тыңдайды:
«Үні қандай сүйкімді,
мен туралы жырлайды!»
Кешкі күннен тарады,
Алтын нұры бөктерге.
Ару күнге қарады,
Күн еңкейіп кеткенде.
Кетті өзенді жағалап,
Басып жасыл көгалды.
Түнерді де көк алап,
Ізі қыздың жоғалды.
Шыңға шығып мен сонда,
Саңқ еттім түнгі сол маңға!
«Жанымды тартып жайнаған,
Жымыңдаған кім маған?»
Аспанда нең бар, ғашығым?
Айхай, тәтті сол бір сәт!
Аяғыңа бас ұрдым,
Сен де маған жай құшақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жігіт пен диірмен

  • 0
  • 0

Қайда ақтың өзенім, Неге асықтың?
Мұнша неге мәз едің, Тез тасып тым?
Не іздейсің бұл сайдан, көк майсадан?
Не іздейсің, өзенім, айтшы маған?

Толық

Түс емес, өңім...

  • 0
  • 0

Бәрі де болды. Бәрі анық:
Ерніңнен алау таралып,
Үңілдің ұзақ қадалып
Қолдарың тиді мамықтай,

Толық

Аңыз

  • 0
  • 0

Қуғын монах жүрген қаңғып сап, құмда
Кездесіпті ешкіаяқ бір маймылға.
Фавн-маймыл сонда одан сұрапты:
«Көрсем деймін мен де рақат жұмақты,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар