Өлең, жыр, ақындар

Диірменші қызының қулығы

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 217
(1797)

Ерсі болды-ау мына қылық,
Ес-түсіңді кім алған?
Тоғай барып, дұға қылып,
Арылып па ең күнәңнан?
Жалаң аяқ шықты басу,
Сендей пажға жарамас,
Төсегіңнен шықты ма су,
Жүргенің не жалаңаш?
Иә, білдім! Міне-міне,
Тұрды ол ыстық төсектен.
Сұлу қызбен шын егіле
Сөз байласқан кеше еппен.
Енді бұған кім қарамас,
Ұмытқан ба ұятты,
Атып шықты, тыржалаңаш
Адам ата сияқты.
Қос алмамен құмар басты,
Көріп көзің тоймаған.
Періштеден шын албасты
Шығар деп кім ойлаған!
Қыздың ыстық алтын демін.
Жұтып жатқан шағында.
Оңай боп па бал түндерің
Қию қарғыс-шағымға.
«Бір кергенде кім ойлаған
Пәле ме деп ысылған.
Өзі емес пе,
қоймап маған
Қыз намысын ұсынған.
Тас құшақтап түні бойы,
Босатты ма жарымай.
Ішке сақтап зұлым ойын
Жатыпты ғой, зәлім-ай!
Құшағымда сүйініп тек,
Жатқан сұлу салды ығыр,
Жұрағаты жиылып кеп,
Мәз болысып қалды бір:
Апасы ма, ағасы ма,
Қаптап бәрі зыр қаққан,
Батырақтың баласы да
Шыға келді бір жақтан.
Анасы да сызданады,
Жалаңдатып кездігін.
Қайтар, десті, қызға бәрі
Бүлінбеген өз гүлін.
Қыздарының таза гүлін,
Мен емес ем жұлған да.
Ызасы өтті мазағының,
Қайтем енді, жынданбай!
Ләззатта кінә бар ма,
Төзе алады ол қанша,
Гүлді үзбей шыдаған ба,
Он алтыға толғанша!
Диірменшінің нәзік гүлін
Бұрын да үзіп кепті ептің,—
Мен қалайша жазықтымын?
Неге жапа шекпекпін?!
Жүзіндегі жылу біткен.
Күлім қағып құр көзі,
Мүләйім бір сұлулықпен
Жарқ-жұрқ етіп тұрды өзі,—
Әрең-әрең тұрдым өлмей,
Қашты менен құт мүлдем.
Мұздай суға сүңгігендей,
Сыртқа атылып шықтым мен.
Қыр қыздары, өтсең де елде,
Айырмаң жоқ байталдан.
Еш айырма жоқ сендерде,
Қаладағы сайқалдан!
Зытып келем, жалаңашпын,
Жерге тимей өкшем де.
Сендерге енді жоламаспын,
Әйел көрмей кетсем де.
Жұқарды ғой жүйке демде,
Сұмдық қой бұл орасан.
Тек зиялы бикелерге
Жолармын-ау, жоласам!»
Судай ағып сөзі мүлде,
Қызды айыптап келеді.
Құдай сүйер өзінің де
Бір қылығы жоқ еді.
Мың құбылған жүзі демде
Бір ұрғашы өтсе алдан.
Диірменшінің қызымен де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнек кетіп, жалғасты

  • 0
  • 0

Түнек кетіп, жалғасты
Алшақ белдер жақындап.
Жанды көкте, алғашқы
Алтын жұлдыз жарқырап.

Толық

Жаңа махаббат, жаңа өмір

  • 0
  • 0

Жаңа махаббат, жаңа өмір
Жүрегім, жүрегім, не болды,
Сенің өміріңді қандай ойға шомдырды?
Мен сені еш түсінбедім,

Толық

Бірігу

  • 0
  • 0

Сенсің бе осындағы менің жарығым?
Сенің тұлғаң ба, әлде сенің қолың ба?
Аяусыз толып мұң-қайғыға,
Айырылысу соншалықты суытты!

Толық

Қарап көріңіз