Өлең, жыр, ақындар

Мен кім едім

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 426
Тамшысы едім Қанас дейтін көлдің мен,
Жаршысы едім Ағажайдай елдің мен.
Бабалардың көздерінің қарасы ем,
Атажұртқа жете алмай телмірген…

Өрнегі едім шебер салған зердің мен,
Шыққан гүл ем Алтай дейтін зеңгірден.
Мейірімге балқитұғын тасы едім,
Ат басындай алтын шыққан жердің мен!

Елім-ай деп ән қалдырып шер күннен,
Қанды тағдыр оттарымды сөндірген.
Көздерінен ыршып түскен жас едім,
Қылша мойнын қылыш кескен ердің мен!

Мен сәбидің дауысы едім шулаған,
Бұрым едім көмусіз қап қураған.
Мен Ертістің толқыны едім құл болған,
Ұлды көріп басыла алмай тулаған!

Сүйектердің көш бойына шашылған,
Көптігіне шүбаланбан шашымнан.
Шырт ұйқыдан оятады кей түні,
Бір үн келіп өтіп кеткен ғасырдан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің тау

  • 0
  • 0

Өлең жырдан ажырамас бір елі,
Біздің мекен батырлар мен жыр елі.
Алтай таудың төбесінде жатқан қар,
Басқа қарға миығынан күледі.

Толық

Сөкпе мені

  • 0
  • 0

Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Толық

Жаның жақын

  • 0
  • 0

Жаның жақын әйтеу бір сезем,маған.
Кей құрбымнан сақсынам сөз аңдаған.
Бір жақындық мендеде бар сияқты,
Өзгерісті сендегі тез аңғарам.

Толық

Қарап көріңіз