Өлең, жыр, ақындар

Сөкпе мені

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Ал қасымда отырсаң назар салмай,
Қыймылыңды көңілмен күзетемін.
Сезімімді келмейді мойындағым,
Бұл мінезді мен қалай түзетермін?!

Хатың келсе қайтара хат салмаймын ,
Хаттарыңды күтемін тағы сенің.
Алыс кетсең қия алмай шырқыраймын,
Сағыныштың ағызып жаңбыр селін.

Өз жарамды емдейтін өзім біліп,
Тіпті ғажап мендегі төзімділік.
Атыңды атап түсімнен оянамын,
Елесіңмен кетемін көзімді іліп.

Сол ауылдың есімде көк терегі,
Өзегіме ойласам от келеді.
Арманым боп қаларсың қол жетпеген,
Бірақ саған ғашықпын.сөкпе мені



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мына жақтың желдері

  • 0
  • 0

Қыс па, жаз ба, бәрі бір, күн бе түн бе,
Қошаметтер күтетін құрметіне.
Қаладан да соғатын, даладан да,
Соғам деген келсе олар бір бекімге.

Толық

Сәлем Зайсан

  • 0
  • 0

Қайғым, мұңым түйдей құрдас сенімен,
Келдім міне Өр Алтайдың елінен.
Тағдыр шығар тәлкек қылған біздерді,
Жерімнен аң, құс ұшырмай көгімнен.

Толық

Есімде

  • 0
  • 0

Алдың ба арбап білмеймін көзіңменен,
Кеттім бе еріп білмеймін сезімге мен.
Кімнің тойы екені есімде жоқ,
Билегенім есімде өзіңменен.

Толық

Қарап көріңіз