Өлең, жыр, ақындар

Мына жақтың желдері

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 192
Қыс па, жаз ба, бәрі бір, күн бе түн бе,
Қошаметтер күтетін құрметіне.
Қаладан да соғатын, даладан да,
Соғам деген келсе олар бір бекімге.

Жетем деген жеріне жететұғын,
Жетпек түгіл сәл асып кететұғын.
Қолтығың ба, қоншың ба қарамастан,
Өтем деген жерінен өтетұғын.

Жауап күтпе, тыңдай бер сұрағыңа,
Тыңдамасаң сайрайды құлағыңа.
Қол соға сал көлбеңдеп жетіп келсе,
Күле салғын кеп тұрса жылағың да.

Үлгіретін қаумалап құшып беттен,
Мына жақтың желдері пысық неткен.
Кетіре алмас қуған мен сезімді олар,
Көздерімнің ішіне түсіп кеткен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем

  • 0
  • 0

Көбелектер тіріліпті, ұшып жүр,
Кеткен көктем төркініне түсіп жүр.
Бұлықсимын бүршік жарар жас талдай,
Бақсыны жын, мені шабыт қысып жүр.

Толық

Жауған шығар

  • 0
  • 0

Жауған шығар Алтайға қырбақ деген,
Қараша бұл өмірге бізді ап келген.
Балаң ақын болуға жарамай жүр,
Шеше саған жаза алмай бір жақсы өлең.

Толық

Көгінен құс кете алмай еру қонған

  • 0
  • 0

Көгінен құс кете алмай еру қонған,
Түбіне ай жете алмай зәру болған.
Арна ғып таудың төсін жатқан көлдің,
Реңі тотияиын, дәмі зәмзәм.

Толық

Қарап көріңіз