Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Көбелектер тіріліпті, ұшып жүр,
Кеткен көктем төркініне түсіп жүр.
Бұлықсимын бүршік жарар жас талдай,
Бақсыны жын, мені шабыт қысып жүр.

Құстар келіп бұтақтарда сайрандап,
Қысқы үнсіз бақ оркестірге айналмақ.
Жас бүршіктер зорға тыйды күлкісін,
Күзден қалған жапыраққа қайран қап.

Қар да кетті қымтап жатқан іргені,
Асығыс қыс сөзге құлақ түрмеді.
Кей қыздардай сезімі ерте оянған,
Жылауық тал бір-ақ түнде бүрледі.

Жапты кілем ойы менен қырқасын,
Тоңса жүрек күн нұрына жылытасың.
Алма ағашы ойланып тұр гүлдемей,
Алдағы күн болмай ма деп бұрқасын.

Абыздардай кеңес құрған келелі,
Қыс қозғауға ерінетін денені.
Туған жерге қарап қоям күн салып:
Біздің жаққа көктем тым кеш келеді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ішкі жалын

  • 0
  • 0

Мұңын, сырын, жан сезімін ақтарған,
Ақындарда арман бар ма жақ талған.
Өкпем менен бауырымды аяймын,
Ішімдегі жанған оққа қақталған.

Толық

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Көздің жасы кетті өшіріп.
Жанбадық.
Сондадағы адалдықтан танбадық.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,

Толық

Қарап көріңіз