Өлең, жыр, ақындар

Ішкі жалын

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 179
Мұңын, сырын, жан сезімін ақтарған,
Ақындарда арман бар ма жақ талған.
Өкпем менен бауырымды аяймын,
Ішімдегі жанған оққа қақталған.

Табиғатым нәзіктігін ескермей,
Жанар таудан қызыл көшкін көшкендей.
Ойлануға мұрса бермей жалындар,
Бара жатыр бір-біріне дес бермей.

Сияқтанам дөңгеленген диірмен,
Қызыл жалын тесетіндей бүйірден.
Іштен жанып кетер болды бұл жан деп,
Кім бар дейсің тағдырыма күйінген?!

Жүрек қысып, өкпем ісіп кеткенде,
Бұл қиналу болса деймін тек менде.
Отырамын бүйірімді таянып,
Жұрттың бәрі шырт ұйқыға кеткенде.

Ел қатарлы күн көрмесең тағы сын,
Пайымдайсың тіршіліктің ағысын.
Емханаға жөнелтер ед қазір-ақ,
Көрсе біреу жүрегімнің қағысын.

Мынау жұртқа бар ма жырдың керегі?
Арпалысып, қызық қуып келеді.
Түйдектеліп жыр тығылса тамаққа,
Топты ортадан тұра қашқың келеді.

Жалын жырлар ой түбіне бұғыңдар,
Кезектерге тұру дейтін ұғым бар.
Кең дүние керек болса жалын жыр,
Асықпастан бірден-бірден шығыңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалдырдым құр сұлбаңды

  • 0
  • 0

Жүрегіме мен сені сақтадым да,
Басқаларға қалдырдым құр сұлбаңды.
Маңайыңа құр босқа топталуда,
Дауысыңды қызықтап түр тұлғаңды.

Толық

Көп күттірген балалық

  • 0
  • 0

Бірде құмнан уыстап,
Бірде аунаған шалғынға.
Жүгіріп жүр балалық,
Есігімнің алдында!

Толық

Қоңыр мұң

  • 0
  • 0

Кешке жақын баспалап кеп қоңыр мұң,
Көрпеге емес қоңыр ойға көмілдім.
Аңдып тұрып сен келмейтін мезгілді,
Бассалғанын сездің бе сен, не білдің?

Толық

Қарап көріңіз