Өлең, жыр, ақындар

Қалдырдым құр сұлбаңды

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 238
Жүрегіме мен сені сақтадым да,
Басқаларға қалдырдым құр сұлбаңды.
Маңайыңа құр босқа топталуда,
Дауысыңды қызықтап түр тұлғаңды.

Маржан сүзе бастадың ерінбестен,
Ішім теңіз телегей, сыртым құрғақ.
Еліттірдім өзіме бөлінбестей,
Менсіз күле алмастай күлкіңді ұрлап.

Өң бе, түс пе білмедің жол-жөнекей,
Жолыққандай пері қыз айдан қашқан.
Түс көрмеген түндері тәтті ұйқыңды,
Бере салдың теп-тегін ойланбастан.

Жұрт ішінде теңселіп жүрдің солай,
Өзің басқа күй кешіп, сөзің басқа.
Шұбатылған қиялды шумақтап ап,
Белін буып тастадың созылмасқа.

Төңкеріле бастадым әуеніңе,
Тыңдай бермес біреуді кескін едім.
Сырларыңды аңғардым тым алыстан,
Маңымдағы дауысты естімедім.

Жүрегіме симайды басқа ештеңе,
Шырын сөздер…
Мен айтқан атың ғана.
Сағыныштан жан шығып, ес кетсе де,
Іздеп келме өтінем, жақындама!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің

  • 0
  • 0

Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің,
Кейде мұңды жастандырдың, жас төктім.
Кейде ойдың шүңетіне батырып,
Кейде аппақ бұлт үстіне ап кеттің.

Толық

Әкеге сағыныш

  • 0
  • 0

Шарпылатын пәк жаның жылы ағынмен,
Қоштасқалы қай заман бұла күнмен.
Еңкеймеймін ес білдім деп жүруші ем,
Әке бүгін сені ойлап жыладым мен.

Толық

Сен...

  • 0
  • 0

Сен сөзсің.
Жұрнағы кетіп, түбірі қалған.
Сен әнсің.
Әуені кетіп күбірі қалған.

Толық

Қарап көріңіз