Өлең, жыр, ақындар

Әке

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 290
Көздің жасы кетті өшіріп.
Жанбадық.
Сондадағы адалдықтан танбадық.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Сақтадым көп айта бермей елге сыр,
Өзің жоқсың портретің төрде тұр.
Жұрт көзіне қайсар болып көрінем,
Оңашада төккен жасым көл-көсір.

Жібек көңіл ширатылды желінді,
Жемір уақыт таусап бітті, жоқ үлгі.
Сені құдай бір күнде алып кеткен соң,
Бетегенің бәрі тау боп көрінді.

Бұл күйімді білер кімдер, білмес кім?
Кімге барып тұрақтаған бұл бес күн.
Жылы жүзбен күле қарап өткеннің,
Барлығына қарыздар боп күн кештім.

Ағып барып тоқтап тұнған көлдеймін,
Соғып барып тына қалған желдеймін.
Ағындауым асау шабыт шығар сол,
Тоқтайтыным – сензіз тірлік, сенбеймін…

Кім бар дейсің өмір дейтін жолды ұққан,
Көрінгенге білмеген соң болдық таң.
Сағынбаймын келмейтұғын болған соң,
Шарасызбын
Жылайтыным сондықтан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толғатқан құм

  • 0
  • 0

Тау толғатса қыран ұшар басынан,
Толғатса өзен арна бұзып тасыған.
Толғатса орман көк бояумен дүр еткен,
Құм толғатса?

Толық

Шыға алмай қалған сендік ойлардан

  • 0
  • 0

Шыға алмай қалған сендік ойлардан,
Өзімнен өзім жерідім.
Балмұздақтай ақ ерніңде қалған,
Несіне сонша ерідім?”

Толық

Кейде

  • 0
  • 0

Жеке дара жүрекке билік құрып,
Күйіп жанып бір ғажап күйді ұқтырып.
Алақанда әлпештеп жүресің де,
Кейде мені аласың ширықтырып.

Толық

Қарап көріңіз