Өлең, жыр, ақындар

Өткен күндер мазалады көп мені

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 531
Өткен күндер мазалады көп мені,
(Күлген бейнең көз алдымнан кетпеді).
Біздерге ортақ ештеңе де жоқ деме,
Ай менен күн бар жұлдыздар, оттегі.

Солар бар да жер үстінде жұптармыз,
Күнге қарап мөлдіреген шықтармыз.
Айға қарап ұзақ түнде сыр шертіп,
Жұлдыздардан сезім сырын ұққанбыз.

Сені маған көрсетпейді төңірек,
(Жер жарықтық жаралыпты кеңірек)
Терең тыныс алғанымда сені ойлап,
Көкірегіме көп оттегі көмілед…

Кең болса да жердің бағыт бар тұсы,
Тауып алар бағдаршысы бар кісі
Қамдамақ боп сен күрсінген сәттерде,
Оттегінің саған кетті жартысы.

Көбелек те қатар ұшад гүлдерден.
Мысалдар көп, (сұрай көрме түндерден)
Маңайыңда жүрген жанда не арман,
Мына өмірдің театрын бір көрген?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе тән гүл едім

  • 0
  • 0

Өзіңе тән гүл едім қырда күлген,
Тұлпар мініп жан болсаң мырза жүрген.
Қос дауыспен шырқайық аспандатып,
Мен бір әннің сөзі едім, ырғағым ең.

Толық

Арман қыз

  • 0
  • 0

Жаңа атқан таңдай едің,
Жүз болса маңдай едің.
Қасыңда қысылушы ем,
Сөз таппай қалмай ебім.

Толық

Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің

  • 0
  • 0

Кейде өмірді шекерден де тәтті еттің,
Кейде мұңды жастандырдың, жас төктім.
Кейде ойдың шүңетіне батырып,
Кейде аппақ бұлт үстіне ап кеттің.

Толық

Қарап көріңіз