Өлең, жыр, ақындар

Жар дегенің

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 248
Жар дегенің жарты деген сөз екен,
Құралдың ба бүтінделдің онымен.
Ғұмырыңның жартысы да сол екен,
Қалған күнді бірге өткіз жөнімен.

Жар дегенің түзу жүрсең кең жазық,
Қиыс бассаң құлататын құлама.
Кімдер екен қойған солай ор қазып,
Жардан сұра басқа ешкімнен сұрама.

Жар дегенің жарылқайтын кісі екен,
Қас-қабағы аңдулы аттан түспейтін.
Жар дегенің жарғанаттай құс екен,
Түн баласы шаруалары бітпейтін.

Жар дегенің жарқыраған күн екен,
Мейірленсе нұрландырар жүзіңді.
Жар дегенің жаратқанның құлы екен,
Жұптастырған жалғау үшін ізіңді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бал Қадиша

  • 0
  • 0

"Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Есілді бойлай біткен тал, Қадиша".
"Еркем"деп екі жеңгең ертіп жүрер,
Қадірің Хан қызындай бар, Қадиша.

Толық

Жаңбырда

  • 0
  • 0

Көк зеңгірден кетсе де жасын құлап,
Түк сезбеспін жосылды жасым – бұлақ.
Бар ұққаным арпалыс кеудемдегі,
Құйып тұрған жаңбырдан басымдырақ.

Толық

Мұңаймауға тырыс дейсің

  • 0
  • 0

Мұңаймауға тырыс дейсің,
Көзімде жас күліп қайтем?
Саған барар жолдар жабық,
Хал – жайыңды біліп қайтем?

Толық

Қарап көріңіз