Өлең, жыр, ақындар

Оралман жыры

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 211
Оралман деп атайды бүгін мені,
Жатсынған жоқ Алатау гүлім деді.
Жатсынған жоқ Алматы, алма ағашы,
Маған тартқан қызым-ау түрің деді.

Бұлақпенен үндесіп күй іштегі,
Иттері де үргенмен тиіспеді.
Таудың қоңыр самалы қымсына кеп,
Құлағымның түбінен иіскеді.

Шашылып жеттім елге шала көшіп,
Ата жұрт рухыңмен қанам өсіп.
Келсең қайтем дегенді естігенде,
Кеудеңе кеп тигендей тағалы етік.

Кіндік кескен кеңіске қайырылмай,
Атамекен асқаным айыбымдай.
Теңселемін Тәңір-ай екі ортада,
Қалтылдаған қайыршы қайығындай.

Жан жүрегім осыған паршаланып,
Қонды келіп кеудеме қаншама бұлт.
Екі ел де ен тақпай, еркін ақпай,
Ертіске ұқсас күй кештім – халықаралық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрік гүліндей үлбіреп үнсіз

  • 0
  • 0

Шарпыды бір от жүзіме төніп,
Бір әуен жетті шалғайдан.
Ауыстырыпты көктем-қыз келіп,
Жапырағымды сарғайған.

Толық

Атырау

  • 0
  • 0

Атырау!
Тағы жыр боп ағытылдым,
Тоқтайтын тұсы сенсің бағытымның.
Шақ қалып жығылуға жүрем сенде,

Толық

Жауған шығар

  • 0
  • 0

Жауған шығар Алтайға қырбақ деген,
Қараша бұл өмірге бізді ап келген.
Балаң ақын болуға жарамай жүр,
Шеше саған жаза алмай бір жақсы өлең.

Толық

Қарап көріңіз