Өлең, жыр, ақындар

Өрік гүліндей үлбіреп үнсіз

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 242
Шарпыды бір от жүзіме төніп,
Бір әуен жетті шалғайдан.
Ауыстырыпты көктем-қыз келіп,
Жапырағымды сарғайған.

Күзгі жаңбырда сөнген сезімді,
Тұтатып жасын үрлеген.
Самалы келіп аластап кетті,
Көңілімді әбден кірлеген.

Бақытың сенің осы ма еді,
Жоғалтып алған кеше деп,
Ақ жаңбыр іңкәр жүректің сөзін,
Төбемнен төкті төпелеп.

Дала екеуміз тыныстап алдық,
Жусанның исі бұрқырап.
Көктеммен солай қауышып жатты,
Тіршілік біткен шұрқырап.

Өрік гүліндей үлбіреп үнсіз,
Төгілуге де шақ тұрғам.
Түсірмей жерге қағып аларсың,
Қуанышымды лақтырған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Боранда

  • 0
  • 0

Қатты соққан долы боран жүргізбей,
Тұр шаттықтың қақпасынан кіргізбей.
Қарсы қарап жүріп келем сонда да,
Қасіретімді еш пендеге білгізбей.

Толық

Сары қурай

  • 0
  • 0

Сары қурай сыбызғы кесіп алма,
Сағынба да сен мені, есіңе алма.
Өкінгенмен не пайда,өтеді өмір,
Іздеп келе алмаса есі барда.

Толық

Оралман жыры

  • 0
  • 0

Оралман деп атайды бүгін мені,
Жатсынған жоқ Алатау гүлім деді.
Жатсынған жоқ Алматы, алма ағашы,
Маған тартқан қызым-ау түрің деді.

Толық

Қарап көріңіз