Өлең, жыр, ақындар

Өткенді ғана

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 198
Жол жатыр алда көлікпен біздер,
Келеміз бағыт белгісіз.
Ойлаумен өтті қаншама түндер,
Қайда апарасыз енді сіз?

Екеуміз ғана.
Көліктен түссек,
Басқаша тірлік басқа өмір.
Біз неге келдік?
Қараңғы дала,
Көзіңе түртсе көргісіз.

Төбеден тамшы тырс-тырс етеді,
Бірдеме айтып тұрғандай.
Басқа көліктер зулап өтеді,
Біздерді мазақ қылғандай.

Әйнекке келіп ұрылған тамшы,
Сырғиды көздің жасындай.
Қалғыдық үнсіз көлікте отырып,
Рахат мынау түн қандай!

Өткенді ғана аңсайды көңіл,
Қалауын қалай табарсыз.
Махаббатымды аялайын ба,
Дәрменсіз және қамалсыз.

Алдыға қарай жүре бергенмен,
Жүретін бағыт белгісіз.
Жуылды көлік, тыншыды көңіл,
Қалаға қайттық амалсыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерте, ерте, ертеде

  • 0
  • 0

Күн сығалап қарайтұғын теректен,
Арал, Өзен...
Еске түсті кенеттен.
Толқындарды, жағаны ұрып, мені өпкен,

Толық

Өрік гүлдегенде

  • 0
  • 0

Әннен гөрі сезімнің жыры қымбат,
Сақтап қалған жүректің сыры қымбат.
Бізде өрік гүлдеді, биыл тағы,
Дәнінен де, өріктің гүлі қымбат.

Толық

Өткен күндер мазалады көп мені

  • 0
  • 0

Өткен күндер мазалады көп мені,
(Күлген бейнең көз алдымнан кетпеді).
Біздерге ортақ ештеңе де жоқ деме,
Ай менен күн бар жұлдыздар, оттегі.

Толық

Қарап көріңіз