Өлең, жыр, ақындар

Саған деген

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 314
Жанарыңнан жарқ етті тосын ұшқын,
Құдіретіне таң қалам осы күштің.
Саған деген қаймақты ойларымды,
Тәңертеңгі шайыма қосып іштім.

Бірі едім өзіндік еркі бардың,
Қалмай ерік өзіңе елітіп алдым,
Үйде жалғыз қалдырғым келмей сенің,
Елесіңді қасыма ертіп алдым.

Көргенімді елеске айтып бердім,
Сымбатың бар қасындай айшықты ердің.
Саған деген сенімнің білегінен,
Ұстап алып үйіме қайтып келдім.

Шумағына айналып өзің жырдың,
Жан сарайын мекендеп кезіп жүрдің.
Саған деген әдемі қиялымды,
Жамылып ап алаңсыз көзімді ілдім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылдағы көктем

  • 0
  • 0

Таң бозынан тұрдым дағы,
Күннің нұрын көп іштім,
Алатаудан көлбей түсті,
Еріксізден өбістім.

Толық

Жайым осы

  • 0
  • 0

Бұлт қашқан аспанынан панасыз күн,
Ұяңа жет!
Көмекке шарасызбын.
Қарсыз қара суықтай қытымырмын,

Толық

Төзімімді тауып алғам

  • 0
  • 0

Төзімімді тауып алғам тауымнан,
Сіркіреуді үйренгенмін жауыннан.
Дарқандықты қабылдағам даладан,
Дала болып кейде жаным ауырған.

Толық

Қарап көріңіз