Өлең, жыр, ақындар

Төзімімді тауып алғам

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 222
Төзімімді тауып алғам тауымнан,
Сіркіреуді үйренгенмін жауыннан.
Дарқандықты қабылдағам даладан,
Дала болып кейде жаным ауырған.

Барқыт белден балбыраған ой алғам,
Көлге аққу келген шақта оянғам.
Қиялымның шырқау бійік көгінен,
Құлап кетпей құзар шыңды таянғам.

Жүрегім бар толқынындай тулаған,
Ойларым бар құстарындай шулаған.
Бейне жылдың төрт мезгілі секілді,
Кейде жайнап кейде сәтке қурағам.

Гүл ашылса көбелек боп қуанғам,
Тереземнен шықьты көріп уанғам.
Жалғызсырап сая іздеп барғанда,
Қотарылып тіл қатады ну орман.

Көк жійектен арайымды көргенмін,
Өрмекшідей тоқыдым ой өрнегін.
Самалына қарап шашты тарап ап ,
Талдарына қарап шашты өргенмін…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Іздеме мені

  • 0
  • 0

Апта мен айлар ауыспақ түгіл,
Жылдардың көші қыр асты.
Мұңдарды мұжып тауыспақ түгіл,
Жас келер көзге тым ащы.

Толық

Адасу

  • 0
  • 0

Жетіп жатыр құлағыма тамаша ән,
Күлкі думан жан-жағыңа қарасаң.
Құжынаған жұрт ішінде жүріп те,
Түсінісер жан таба алмай адасам.

Толық

Толқын

  • 0
  • 0

Өзге түгіл өз өзімнен қашам деп,
Ұйқылы-ояу жүргенімде масаң боп,
Мұң тозаңын айнасындағы көңілдің,
Кірпігіңмен сүртіп кеттің қашан кеп?

Толық

Қарап көріңіз