Өлең, жыр, ақындар

Неге аға жыладың

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 208
Неге аға жыладың жылатты кім,
Тауды теңіз басқандай бұлақты құм.
Сырлы ыдыстан мезгілсіз төгілмейтін,
Қағып кетті оқыстан сынапты кім?

Таласты ма өзгелер дәніңізге?
Біреу қайғы қосты ма әніңізге?
Жартасына оқ тиген жаралы тау,
Қорған болып жүрмей ме әлі бізге!

Айтып, айтып дәтіңді ұқпағанда,
Жылап, жылап аларсың мықтағанда.
Қалдың ба екен құлазып сырласарға,
Айналаңнан бір пенде шықпағанда?!

Солай жалғыз отырып зеріктің бе?
Ұлар шудан жүруші ең жеріп мүлде.
Сары алтындай сабырды тастай салып,
Жеңіл желпі ашуға еліттің бе?!

Қас батырдай көш бастап ту алысқан,
Көрсем деп ем бейнеңді ұзап ұшқан.
Қасіреттің толғамды өзі артық,
Есі ауысқан есірік қуаныштан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман қыз

  • 0
  • 0

Жаңа атқан таңдай едің,
Жүз болса маңдай едің.
Қасыңда қысылушы ем,
Сөз таппай қалмай ебім.

Толық

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…

  • 0
  • 0

Қайық шөлдеп қарбытып толқын жұтты,
Ақжайықтың бетінде ай екеуміз.
Оттан қашып хош көрген салқындықты,
Бірімізге біріміз сай екенбіз.

Толық

Көл бойындағы ой

  • 0
  • 0

Түн құшағы сақтағанмен сырды ұзын,
Көргіміз кеп асығамыз күн жүзін.
Салқындықты өлердейін жек көрген,
Қарлы таудың кешіріңдер бір қызын.

Толық

Қарап көріңіз