Өлең, жыр, ақындар

Тек табиғат

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 184
Қарлығаштай талып ұшқан қауырсыным майысып,
Менмен бірге жылады тал қабырғасы қайысып.
Көл бетінде дірілдеді ай, дірілдеді жұлдыз да,
Таулар ғана тұрды мүлгіп, қалғандай түс шайысып.

Көңілімнің иірімін шым еткізіп шер тұнды.
Қалқалай ма қайың біткен тізіліп ап көркіңді.
Кешкі шапақ секілденіп екі бетім албырап,
Қайталадым оңашада саған берген сертімді.

Бірде алдан ұшқалақ жел бірде соқты бүйірден,
Ширатылды шыт көйлегім ұршықтай боп иірген.
Естіп тұрған жоқсың бірақ несін айтам тоңдым деп,
Еш сезбессің арласып жоқ болсам да құйынмен,
Тек табиғат тоғысады менің көңіл күйіммен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш болып кетерсің

  • 0
  • 0

Шаршаған кешкі көшемен,
Бозарып жалғыз келемін.
Осы бір көше, осы өзен,
Елесін күннің көремін.

Толық

Мазасыз түн

  • 0
  • 0

Қиналдың ба көзден жас ыршығандай,
Құшағында бақыттың тұншыға алмай.
Тым өзімшіл жүрегім мына менің,
Құндағынан қойды ғой бір шығармай.

Толық

Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең

  • 0
  • 0

Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең,
Жүрегімнің қағысы едің, басқа арнаның ағысы ең.
Жан сырыңды біле тұра алып қашпа сөзге ердім,
Алып қашпа сөзге ердім де танымастай өзгердім.

Толық

Қарап көріңіз