Өлең, жыр, ақындар

Мазасыз түн

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 264
Қиналдың ба көзден жас ыршығандай,
Құшағында бақыттың тұншыға алмай.
Тым өзімшіл жүрегім мына менің,
Құндағынан қойды ғой бір шығармай.

Жеңілдің бе ештеңе өндіре алмай,
Амал ойлап табасың енді қандай?
Кеудеңді қарып түскен бір тал шоқты,
Лаулата алмай болмаса сөндіре алмай.

Керек те жоқ батылдық шеп бұзардай,
Қаталдық та керек жоқ кек тұнардай.
Аялауың тым шектен асып кетіп,
Сезіміңді қалғансың жеткізе алмай.

Бермейді өмір мүмкіндік бір ұтардай,
Сен де мені, мен сені жылыта алмай.
Қоңырау ғып тағып ап әр сәтіңе,
Жүргеніңді қайтемін ұмыта алмай.

Сені жазам, бітпеген тапсырмамдай,
Біргесің шашқа желім жапсырғандай.
Сені ойламай бір тыныш ұйықтау үшін,
Орындайын бұйрықты тақсыр қандай?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиял

  • 0
  • 0

Кешір
Саған ескертпестен жатағыңа кеп тұрмын.
Есігіңді қақтым дағы маңдайымнан өптірдім.
Сағыныштан кеп тұрса да ағыл тегіл жылағым,

Толық

Түн-шымылдық

  • 0
  • 0

Түн-шымылдықтың ішінде біздер тілдестік
Жұлдыздар анау түскиіздегі моншақтар.
Жақын ғып бітті жанымыздағы үндестік
Тұмар ғып айды айтатын сырың болса ақтар.

Толық

Қалдырдым құр сұлбаңды

  • 0
  • 0

Жүрегіме мен сені сақтадым да,
Басқаларға қалдырдым құр сұлбаңды.
Маңайыңа құр босқа топталуда,
Дауысыңды қызықтап түр тұлғаңды.

Толық

Қарап көріңіз