Өлең, жыр, ақындар

Уақыт - керуен

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 255
Аяулы бір жан көкжиек жақтан,
Құшағын маған жаятын.
Алыста бір тау ұмытпай мені,
Көз қырын салып қоятын.

Көк бұйра толқын сағынса мені,
Жағаға өзін ұратын.
Көктемде бір жан көк белге шығып,
Күн салып қарап тұратын.

Уақыт-керуен, бетке алған жағым,
Қайтадан кері қайтармас.
Тұңғиық кеуде бір жан бар онда,
Ешкімге сырын айта алмас.

Сағыныш деген тәтті емес түк те,
Жүректі осу, тілгілеу.
Мен жете алмаған жағаның тасын,
Лақтырып ойнап жүр біреу!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқын

  • 0
  • 0

Өзге түгіл өз өзімнен қашам деп,
Ұйқылы-ояу жүргенімде масаң боп,
Мұң тозаңын айнасындағы көңілдің,
Кірпігіңмен сүртіп кеттің қашан кеп?

Толық

Өзіне шексіз тартатын қайың

  • 0
  • 0

Өзіне шексіз тартатын қайың,
Қайтатын едім жыр тыңдап.
Оспанқан әзіл айтатындайын,
Күлетін бұлақ сылқылдап.

Толық

Жол шетінде күте көрме

  • 0
  • 0

Жол шетінде күте көрме,
Жолдың шеті ызғырық.
Қандай азап жолға қарау,
Көзің талып үздігіп.

Толық

Қарап көріңіз