Өлең, жыр, ақындар

Жол шетінде күте көрме

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 307
Жол шетінде күте көрме,
Жолдың шеті ызғырық.
Қандай азап жолға қарау,
Көзің талып үздігіп.

Өттім бе деп, жеттім бе деп,
Келе алмай бір байламға.
Жүгіре ме қарашығым,
Тұр екен деп қай маңда.

Өтіп кетіп тұсыңнан мен,
Боламын ба шерменде.
Біреу сөзге айландырса,
Енді жете бергенде.

Тоқтай беріп басқа көлік,
Сені мазақ етеді.
Қалғандары келіскендей,
Құстай ағып өтеді.

Жеткізе ме мезгілінде,
Көк темірге сенім жоқ.
Жол шетінде тұрып алар,
Дөңгелегін желімдеп.

Мына өмірде жандар аз ба,
Ойнап жүріп от басқан.
Жол шетінде табысқандар,
Жол шетінде қоштасқан…

Ғұмыр кештім екі жерде,
Жан қалауын табар кім?
Жол шетінде күте көрме,
Дәм бұйырса барармын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұп-суық тамшы сағақтан тұрды тамшылап

  • 0
  • 0

Сұп-суық тамшы сағақтан тұрды тамшылап,
Айығар ма күн?
(Қарайлас еді бар сұрақ)
Барып қайттым мен асығыс орап шарфымды,

Толық

Білмейсің

  • 0
  • 0

Білесің айтқаныңа сенерімді
Сен үшін жырдан моншақ терерімді.
Сен үшін мекеніңнің адамдарын,
Өзгелерден жақындау көрерімді.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көбелектер тіріліпті, ұшып жүр,
Кеткен көктем төркініне түсіп жүр.
Бұлықсимын бүршік жарар жас талдай,
Бақсыны жын, мені шабыт қысып жүр.

Толық

Қарап көріңіз