Өлең, жыр, ақындар

Алтай жері

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 327
Өр Алтайдың таулары да өр еді,
Қарттары да ой айтатын өрелі.
Жарға құлап бара жатсаң бір уыс,
Жусаны да саған көмек береді.

Жақпар тастар алтынан да бағалы,
Әр тасында Сұлубайдың бар әні.
Арғымағы өрге қарай ентелеп,
Баласы да өрге қарай шабады.

Өзендері тарам-тарам сағалы,
Құм шайқаған кесек алтын табады.
Асқақтықтан жаратылған мекеннің,
Өзені де өрге қарай ағады.

Мұнда өтпейді басқалардың зорлығы,
Таң қалдырар батырлардың молдығы.
Есек міну жазаның ең үлкені,
Жаяу жүру – дүниенің қорлығы.

Қыздары да кербез келер шетінен,
Намыс үшін жан қиюға бекіген.
Алтай жерін силасаңдар ағайын,
Азаматын қақпаңыздар бетінен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспан да көк, көйлек көк,айналаң көк

  • 0
  • 0

Аспан да көк, көйлек көк,айналаң көк,
Құз қарайды бұл жүрген қай балам деп.
Шипашаққа дәрігер жазып берді,
Емделсін бойын суық жайлаған деп.

Толық

Күрең жапырақ

  • 0
  • 0

Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Сенделдім қу тірліктің соқпағында.
Өртендім аңсау-сезім аптабында.
Ілесіп ертісіңе, жырақ кеткен,
Туған жер,

Толық

Қарап көріңіз