Өлең, жыр, ақындар

Апама ұқсап

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 240
Есімде менің уыз балалығым,
(Ол кезде сезбейтінбіз дала мұңын)
Қыдырған қарттарынан еститінбіз,
Өзгерісін заманның жаңалығын.

Дегендей «бұл әнімді сүйіп тыңда»,
Бір құс кеп саңқылдайтын бійік шыңда.
Апамның бар байлығы –кебежесі,
Түратын тәтті-дәмді сыйып мұнда.

«салынған кебежеге тағам»дейтін,
«Құдайы қонақ келсе салам»дейтін.
Жеңілдеп қой жүнінен көрпе істесе,
«Сыйлы бір адам келсе жабам» дейтін.

Әңгіме қозғалатын баяғыдан,
Мейманның үзілмейтін аяғы да.
Тәтті алып дастарқаннан беретұғын,
Сүйеніп атам марқұм таяғына.

Апамның кісі кетсе сыйын көріп,
Шаттандық өткендей бір жыйын болып.
Еріксіз таңданушы ем кісі келсе ,
Апамның зыр жүгірген күйін көріп.

Кең аспан пейіліңе теңеле ме ?
(Мен үшін тәтті біткен кебежеде!)
Сарқытты жататынсың үлестіріп,
Жиналған шөбереге ,немереге!

Тоқсанның жетеуінде кісі ғаріп,
Кіресің жійі-жійі түсіме анық.
Сендегі сол мінезді жаным апа,
Қойыппын сүтпен бірге ішіп алып!

Желісін ойларымның тауып қана,
Бармадым ойынға да сауыққа да.
Жазылған ашты азаппен тәтті жырды,
Сақтадым жылы қымтап, жауып қана.

Мұң көрсең кейде менің қабағымнан,
Түсіпті сүлкіні деп таба қылман.
Жүрермін апама ұқсап баптап жырды,
Үзіліп түскенімше сабағымнан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейде

  • 0
  • 0

Жеке дара жүрекке билік құрып,
Күйіп жанып бір ғажап күйді ұқтырып.
Алақанда әлпештеп жүресің де,
Кейде мені аласың ширықтырып.

Толық

Далаңды көріп

  • 0
  • 0

Кеткісі келген жібердім мұңды,
Жоғалар бәлкім табылар.
Дос демей сені айтамын кімді,
Суретіңнің де жаны бар.

Толық

Қалдырдым құр сұлбаңды

  • 0
  • 0

Жүрегіме мен сені сақтадым да,
Басқаларға қалдырдым құр сұлбаңды.
Маңайыңа құр босқа топталуда,
Дауысыңды қызықтап түр тұлғаңды.

Толық

Қарап көріңіз