Өлең, жыр, ақындар

Мұз үстіндегі ой

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 229
Беті жылтыр айнадайын теп-тегіс,
Жатыр өзен табанымның астында.
Қамықпа сен көктем келіп өтсе қыс,
Айланарсың бөгеу бермес тасқынға!

Топ балалар сырғанақтап ойнайды,
Мен де өттім ары-бері ерте кеш,
Бірақ суың өр тасқынын қоймайды,
Қатал қыспен қымбатыңды өлшемес.

Жалтыр мұздың бергі беті тыныштық,
Арғы беті асау толқын тулайды.
Ішке бүгіп бар сырымды жүрсем де,
Балапан жыр босатшы деп шулайды.

Тұр жас қайың жапырағы тоналған,
Көктем келер ол да бүрлеп жайқалар.
Жер бетінен табылмайтын сұлулық,
Сонда сенің өн-бойыңнан байқалар.

Су салармын тұнығыңнан шашыма,
Дәл осылай тербелермін тағы мен.
Бірақ ешкім дей алмайды жасыма,
«Бір кездері тынып іштей ағып ең…»

Беті жылтыр айнадайын теп-тегіс,
Жатыр өзен табанымның астында.
Қамықпа сен көктем келіп өтсе қыс,
Айланарсың бөгеу бермес тасқынға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыл кепеш

  • 0
  • 0

Ана дейтін құдірет алыптың да,
Өнерлісін қояды халық сынға.
Нағашы апайымыз болушы еді,
Құралай көз, қыр мұрын, нәзік тұлға.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көбелектер тіріліпті, ұшып жүр,
Кеткен көктем төркініне түсіп жүр.
Бұлықсимын бүршік жарар жас талдай,
Бақсыны жын, мені шабыт қысып жүр.

Толық

Қыр гүлі едім

  • 0
  • 0

Қыр гүлі едім жас тұлпар,
Басып кеткен тұяқпен.
Қалжырадым серпілтер,
Кем болып тұр күй әттең!

Толық

Қарап көріңіз