Өлең, жыр, ақындар

Ақ жайық

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 470
Ақ жайық, ерке жайық, арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Қыз жібек айна етіп дидарына,
Шідерін ақ боз аттың алған жайық.

Бұрымын жасыл талдан өрген жайық,
Маржанын ән мен жырдың терген жайық.
Көпірден ай сияқты алқа тағып,
Арасын қос құрлықтың бөлген жайық.

Сен жайлы естіп аңыз ьала жастан,
Бір қиял саған қарай ала қашқан.
Туылып күн шығыста сені аңсадым,
Мекеннің шалғайына қарамастан.

Үніңді естісем деп күркіреген,
Ұшатын қанаттанып шіркін өлең.
Жағаңа сәті түсіп келіп тұрмын,
Тілекке жетед дейді шын тілеген.

Шығады естен қалай сол ғажап түн,
Толқыдым жійегінде жар қабақтың.
Ағарып жатқаныңда сені көрдім,
Сүт қосқан шайы сынды бар қазақтың.

Ақ жайық, ерке жайық,арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Арнаңа төгер болсақ тасимысың,
Кеудеміз сағынышқа толған жайық!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт - керуен

  • 0
  • 0

Аяулы бір жан көкжиек жақтан,
Құшағын маған жаятын.
Алыста бір тау ұмытпай мені,
Көз қырын салып қоятын.

Толық

Жаңбырда

  • 0
  • 0

Көк зеңгірден кетсе де жасын құлап,
Түк сезбеспін жосылды жасым – бұлақ.
Бар ұққаным арпалыс кеудемдегі,
Құйып тұрған жаңбырдан басымдырақ.

Толық

Жылап тұрсың дейсің бе?

  • 0
  • 0

Жылап тұрсың дейсің бе бала сынды,
Жылағам жоқ,көңілім аласұрды.
Сағынғаным болмаса туған жерді,
Сағынғаным болмаса анашымды.

Толық

Қарап көріңіз