Өлең, жыр, ақындар

Табанымнан сыз өткен

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 212
Сықыр етті терезем,
Аяз өрнек салыпты.
Кеуіп бір кетті кенезем,
Соға алмай жүрек қалыпты.

Сарғайған сары күздерім,
Қалған ба қыспен жалғасып.
Даладан сені іздедім,
Кіршіксіз жүрек қарға асық.

Терезеңде боз қырау,
Көрмедің бәлкім шықпадың.
Табиғат пенен жүрегім,
Үндесіп жатты ұқпадың.

Жылынып бәлкім кетер ме ем,
Келіп бір жылы тіл қатсаң.
Ақ қардың асты жапырақ,
Таба алмай қойдым .мұз қатқан!

Тұншығып қалды мендегі ой,
Сансырап қалған армандай.
Шашымның әр бір талы да,
Мұз болып қатып қалғандай.

Қиялым едің тек менің,
Күндіз-түні күзеткен.
Іздеуге дәрмен жоқ сені,
Табанымнан сыз өткен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ жауын

  • 0
  • 0

Құтқарушы періште кеп аспаннан,
Тазалыққа талпындыру басталған.
Қасиетпен жұлдыздарды суарған,
Жуып жатыр жердің үстін ластанған.

Толық

Ғанибет

  • 0
  • 0

Қара түнге қадалғаным - ғанибет.
Айна алдында таранғаным - ғанибет.
Бірде ойға, бірде мұңға батырып,
Сүю үшін жаралғаным - ғанибет.

Толық

Қағынды келген

  • 0
  • 0

Төзімді тауысып,бұл індет сабырды жеңген,
Қаншама боздақ, жамылғы жамылды жерден....
Аспанның дағы көз жасы тиылмай қойды-ау,
Шілденің аты биылғы -"Қағынды келген".

Толық

Қарап көріңіз