Өлең, жыр, ақындар

Сен едің

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 284
Жанымды алғаш жылыттырған таңдандырып ай,күнді,
Күліп тұрып ұмыттырған қасірет пен қайғымды.
Көп дауыстың арасынан жалт қаратып өзіне,
Жетелеген жүзейік днп өмір деген айдынды.

Түнде түске оянғанда ойға келіп ертемен,
Нәзік сымға сырын қосқан қыйыр жатқан өлкеден.
Салқын таудың секемшілдеу,салқын қанды бір қызын,
Жүрегінің жалынымен жастығымен өртеген.

Содан бастап жүрегіме бір сыр болып құйылған,
Қыран болып құшып кетер ұшып келіп қыйырдан.
Адамдық пен тіршілікте адалдыққа сыйынған,
Арым кетсе тірлігімнің құны арзан деп тыйыннан,
Сағындыртып жүрегімнің барабанын жиі ұрған.
Сен едің!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен барсың

  • 0
  • 0

Сезсем де мына өмірдің жалғандығын,
Келемін аялаумен арман гүлін.
Құлпырып кеттің десе құрбыларым,
Ол менің сеннен хабар алған күнім.

Толық

Ұмытуға тырыстым

  • 0
  • 0

Ұмытуға тырыстым,
Ұмыта алам!
Сені ұмытқан шақтармен тыныс алам.
Қашанғы ойға арқалап жүрем сені,

Толық

Сөкпе мені

  • 0
  • 0

Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Толық

Қарап көріңіз