Өлең, жыр, ақындар

Алдың баурап

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 404
Бір сыйқырмен алдың баурап,
Қарлы таудың елігін.
Жан сезімін алдың жаулап,
Құлап кетті көңілім.

Такаппарлық мінез меннен,
Сені көріп жеріді.
Қаталдығым отқа тиген,
Қорғасындай еріді.

Кеттің мүлдем кездескеннен,
Жақын болып жаныма.
Самал болып жеттің бе алде,
Мүлгіп тұрған бағыма.

Бір сағыныш тұр меңдетіп,
Жан едім ғой желіксіз.
Өзің жайлы түнделетіп,
Жыр толғадым еріксіз.

Жазылмаған жырым ба едің,
Айтылмаған ән бе едің?
Сағынбауға, ойламауға,
Жетпей тұр ғой дәрменім!

ҚЫЗ ҒҰМЫРЫМ-ІЗГІ ӨМІРІМ

Қыз ғұмырым-ізгі өмірім,
Сағынармын сені тым.
Сенде жатыр айғақ болып,
Қолға келген жеңісім.

Қыз ғұмырым қалдың кейін,
Мен алысқа ұшқасын.
Ну ормандай шытырмансың,
Шырын түстей қысқасың.

Жүргеннен соң бійік ұстап,
Ар-намысты сендегі.
Үлбіреген бір тал үкі,
Сияқты едім елдегі.

Қыз ғұмырым сенің ғана,
Айбының ғой ол дағы,
Кесе ұсынған жігіттердің,
Діріл қаққан қолдары.

Қыз ғұмырым ойлап тұрсам,
Ол да сенің мәтебең.
Нәзік сырлар,азық жырлар,
Сан жүректі өртеген.

Қиялға еріп үмітпенен,
Кештім тәтті талай мұң.
Сенде бірақ жылап қалған,
Көз жасы бар талайдың.

Қыз ғұмырым мүмкін емес ,
Сені ойлап аһ ұрмау.
Сырға толы ғажап күндер,
Ертегіге жақындау.

Қыз ғұмырым сен жайында ,
Айтылар көп әңгімем.
Жырым барда жұрт алдында,
Бойжеткенмін мәңгі мен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соңында біз

  • 0
  • 0

Ғұмыр бойы сағынам?
Әлде бес күн?
Ерем бе әлде соңынан мәңгі елестің?
Еске алу бар, хош көру, жек көру бар,

Толық

Жаның жақын

  • 0
  • 0

Жаның жақын әйтеу бір сезем,маған.
Кей құрбымнан сақсынам сөз аңдаған.
Бір жақындық мендеде бар сияқты,
Өзгерісті сендегі тез аңғарам.

Толық

Сен деп соқты демеймін

  • 0
  • 0

Күлдей боп әйнек көңіл үгілед көп,
Күліп жүрмін өзімше бүгін ептеп.
Ұмытып кете барсаң бақыттысың,
Ал менде сені ұмытар құдірет жоқ.

Толық

Қарап көріңіз