Өлең, жыр, ақындар

Анамның дауысы

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 413
Анасының кенже қызы боп еркелейтұғын бұл дауыс,
Әкесі аитқан өлеңді естіп ентелейтұғын бұл дауыс.
Текті бір әулетке ұзатыларда сыңсу да аитқан бұл дауыс,
Әріптеспенен айтысып тойда олжалы қайтқан бұл дауыс.

Сегіз баланы өмірге әкеп әлдиге салған бұл дауыс,
Бір босағасы құлаған шақта хоштасып қалған бұл дауыс.
Оң жақты келін қызартқан кезде сыңғырлай күлген бұл дауыс,
Қыздарын алыс ұзатқан кезде жылай да білген бұл дауыс.

Немерелерін еркелетуден шаршамайтұғын бұл дауыс,
Ұрпағым аман болсын деп іштей қайталайтұғын бұл дауыс.
Кемшілігімді кешіре білген зекірмейтұғын бұл дауыс,
Дүние қанша құбылсадағы ескірмейтұғын бұл дауыс.

Пәниде мынау бірінші болып мені іздейтұғын бұл дауыс,
Баласы үшін шаршап шалдықтым дегізбейтұғын бұл дауыс.
Азанның дауысы сияқты ғажап тең келмес басқа еш мүлде,
Хабарласуға кезекте тұрмын, анамның дауысын естуге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Періште оймен

  • 0
  • 0

Басқа бір жаққа беттегем,
Іздесең сонан табылам.
Пенде боп сені жек көрем,
Періште оймен сағынам.

Толық

Жаның жақын

  • 0
  • 0

Жаның жақын әйтеу бір сезем,маған.
Кей құрбымнан сақсынам сөз аңдаған.
Бір жақындық мендеде бар сияқты,
Өзгерісті сендегі тез аңғарам.

Толық

Ішкі жалын

  • 0
  • 0

Мұңын, сырын, жан сезімін ақтарған,
Ақындарда арман бар ма жақ талған.
Өкпем менен бауырымды аяймын,
Ішімдегі жанған оққа қақталған.

Толық

Қарап көріңіз