Өлең, жыр, ақындар

Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда?

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 371
Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда?
Қаптап тұр көз алдымда тозаң майда.
Тордағы торғайға ұқсап бұлқынумен,
Қанатын қыран көңіл жаза алмай ма?
Сабырым, айтшы, жаным, қайда менің?
Ауғандай жерде тұрып айға көңіл.
Түсініп жан-жүректі құлазыған,
Берсеңші қайратымды қайрап, елім.
Жасылды жастық шағым қайда менің,
Жанымның табар екем қайдан емін?
Кетті екен ойда жоқта кім бүлдіріп,
Ұйыған тыныштықтың айраны едім?..
Тапсам-ау өткен уақыт, күнге дерек,
Жалған сөз, жалған күлкі кімге керек?
Жел ұрып шайқалған көл көңілімді
Түсірші арнасына бірдеңе деп...
Керіліп көрінбей жүр ай да маған
Айдынды ақ сәулесі аймалаған.
Тұратын өз бойына тартып бәрін
Жер күшін қозғалмайтын қайдан алам?
Жауабын таба алмадым айналадан...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төніп тұрар бір ерлікке бір қауіп

  • 0
  • 0

Төніп тұрар бір ерлікке бір қауіп,
Озған кезде алға қарай бұрқанып.
Сондай кезде –
Дос еткім кеп тұрады,

Толық

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға

  • 0
  • 0

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға,
Көңіл шыны кеседей толы мұңға.
Сылтау іздеп оңаша сенделемін,
Өзіңді іздеп барып бір жолығуға...

Толық

Таңғы күн

  • 0
  • 0

Айтар едім айқайлап тыңдаса мен,
Бүгін туған баламен құрдас әлем.
Таңғы аспаннан жарқырап күліп шыққан,
Алдыменен берейін күнге сәлем.

Толық

Қарап көріңіз