Өлең, жыр, ақындар

Тау басындағы тас қыран

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 284
Дауыл үріп қараспанның астынан,
Тығылады құз көзіне жас тұман.
Тұғырда бір тұрып қалған сияқты
Төніп қарап тау басынан тас қыран.
Жарқылдап қос жанарынан бір үміт,
Тас тырнағы тас тұлғаны тұр үгіп.
Найзағайдың оттарынан от алып,
Көк аспанға ұшатындай тіріліп.
Туған аспан күзетіп тау мекенін,
(Мекенінде сөз болып па жеке мұң).
Тау басында тас қыран тұр қасқиып,
Білмей, сезбей кәріліктің не екенін...
Бауырынан боялғандай тас қанға,
Қызыл түлкі уақытқа ұқсап қашқанда,
Ұшатындай боп тұрады көзіне
Таудың өзін бүріп алып аспанға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ

  • 0
  • 0

Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ,
Уақыт көңіл күйін тасқынға орап.
Айтақтап ауласында ырылдатып,
Кейбіреу иттерін жүр қасқыр балап.

Толық

Бақытты бола алмаспын қарызға алып

  • 0
  • 0

Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.

Толық

Лабасыға

  • 0
  • 0

Емшек тау, ақ бұлт емген Лабасы,
Төнеді төбесінен күн анасы.
Жатыр ол қарсы алдымда жонын керіп,
Секілді арманның ту мұнарасы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар