Өлең, жыр, ақындар

Қабырғаның ар жағында сен жаттың

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 233
Қабырғаның ар жағында сен жаттың,
Қабырғаның
бер жағында мен жаттым.
Сенi-дағы тербетедi бекзат түн,
Менi-дағы тербетедi бекзат түн.
Ғашығым-ау, шынымен-ақ жасыдым,
Жасыдым да
сырымды айттым жасырын.
Барлық нәзiк дыбыстардан құралған,
Сенiң үнiң әлемдегi асыл үн.
Тербетедi менi мұңлы бiр арман,
Бiр арманды
аяламай тұра алман.
Сенiң үнiң үлбiреген жiбектей,
Барлық асыл дыбыстардан құралған.
Сенiң күлкiң
алтын шуақ шашылған,
Сол шуаққа мәңгi жаным бас ұрғам.
Сыр шертесiң бiр күрсiнiп, бiр күлiп,
Қалып бара жатқан шулы ғасырдан.
Сенiң көзiң...
тұнған көлдей мөлдiреп,
Қайта-қайта қарай берем елжiреп.
Сол бiр көлдiң жағасында тұрасың,
Түсiмде ылғи орамалың желбiреп.
Сенiң ернiң қызыл шие үзiлген,
Есiмдi алды
мiнсiз тiстер тiзiлген.
Сәл анықтап қарап едiм, аяулым,
Қуаныш пен қайғы көрдiм жүзiңнен.
Сiңлiсiндей болғаннан соң Тоғжанның,
Мен өзiңдi
ойлай-ойлай тозғанмын.
Сенi жырлап өту үшiн жалғаннан,
Аяулым-ау, мұңын алғам Мағжанның...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа ертегі

  • 0
  • 0

Жайсаңы көп қауым мынау зиялы,
Маған ертең бiр биiктi қияды.
Күлiмсiреп
бас изейдi барлығы,

Толық

Көктем. Кентау

  • 0
  • 0

Барлығы ұмытқандай мені мүлде,
Көргем жоқ бұндай азап өмірімде.
Жолданбай қалған кейбір хаттарымдай,
Жазылмай қалған шағым көңілімде.

Толық

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай

  • 0
  • 0

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай,
Жүрегiмнен төгiлген жаңбыр жырлар-ай.
Көзiмдi iлместен армандап бiрге,
Таң атқанша шертiлген мөлдiр сырлар-ай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар