Өлең, жыр, ақындар

Жүрегім менің бұлқынды

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Тәтті ғой өмір адамға,
Татпаған дәмнің бәрі – арман.
Жүрегім менің әманда
Бұлқыну үшін жаралған.
Жүрегім менің бұлқынды
Арайлап әр таң атқанда.
Жаныма нәзік жыр тұнды
Кірпігін гүлдер қаққанда.
Жүрегім менің бұлқынды,
Көгалға аунап көктемде.
Құбылып әлем мың түрлі,
Нөсерлі жаңбыр төккенде.
Жүрегім менің бұлқынды
Өзенді көріп тулаған.
Ағынмен алға ұмтылды,
Толқынын атты су маған.
Жүрегім менің бұлқынды
Жусаннан жұпар жұтқанда.
Сағымды көріп сиқырлы,
Тауларға биік шыққанда.
Жүрегім менің бұлқынды
Қыранның көріп қанатын.
Сапырып судай бұлтыңды,
Шарықтап, шайқап алатын.
Жүрегім менің бұлқынды
Тұлпардың көріп тұяғын.
Ашып бір шайдай ұйқымды,
Самғады сансыз қиялым.
Толқытар ойлар мың қилы,
Армансыз әсте күн бар ма?..
Жүрегім менің бұлқынды
Анамнан алғаш туғанда.

1969



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақынмен қоштасу

  • 0
  • 0

Көлденең ақын жатты көз алдымда,
Қалтырап қарап тұрдым,
Бозардым да.
Ақылдым,

Толық

Сұрама

  • 0
  • 0

Сұрама руымды, қадірлі аға!
Көзімді ашып тұрмын қазір ғана.
Ойыңнан шықпай қалсам –
Өкінішті,

Толық

Көкек қары

  • 0
  • 0

Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?
Барады қозғау салып мынау маған.
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға,
Басында будақ бұлттар мың аунаған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар