Өлең, жыр, ақындар

Кел, достар, кел, үйіме жиылыңдар

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 386
Кел, достар, кел, үйіме жиылыңдар,
Сендер мені әйтеуір ұғыныңдар.
Маздап жанған бұйығы жан отыма,
Тосырқамай, тоңсаңдар жылыныңдар,
Сендер мені әйтеуір ұғыныңдар.
Шерім болса кеудемде тарқатыңдар,
Сағыныш күйін тек сендер – тартатындар.
Жүрегімнің Сарыарқа жайлауынан
Жүйрік мініп, жосылтып қайтасыңдар,
Шерім болса кеудемде тарқатыңдар.
Өздеріңе өзгеше таныс үнмен,
Сендерді іздеп жаңғыртам тау ішін мен.
Арманымның ақбозы астымдағы
Арындап ауыздықпен алысумен,
Сендерді іздеп жаңғыртам тау ішін мен.
Сендер келсең, көл болып дастарқаным,
Ақ пейілден алдыңа бас тартамын.
Ашып тастап айқара есігімді,
Бар билікті бәріңе басқартамын,
Ақ пейілден алдыңа бас тартамын.
Жаралғанмын мінезім жылқы сынды,
Жақтырмаймын жай жүріп жұлқысуды.
Бара жатсам нақақтан айырыңдар,
Жала жапсам жыртпаңдар жыртысымды,
Жаралғанмын мінезім жылқы сынды.
Кел, достар, кел, үйіме жиылыңдар,
Сендер мені әйтеуір ұғыныңдар.
Маздап жанған бұйығы жан отыма,
Түгелің кеп, тоңсаңдар жылыныңдар,
Кел, достар, кел, үйіме жиылыңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір танысқа

  • 0
  • 0

Шыныменен сен мені білесің бе, ей?!
Білетіндей
Көлгірсіп күлесің ғой.
Менің жаным – ақ таудың ақ бұлағы,

Толық

Аягөз

  • 0
  • 0

Ғашықтар аңызы тербеді,
Арманнан мендегі
Алыстап кете алмай.
Арулар – аққулар шөлдеді,

Толық

Жол

  • 0
  • 0

Аттанбай бір сапарға тұрар ма адам,
Жол жатыр, міне, алдымда бұраңдаған.
Осынау бұлтаңы көп, бітпес жолда
Жігіт пе ат басын ап жүре алмаған?!

Толық

Қарап көріңіз